Презентация на 8 марта

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Презентации
Автор:

1-ЖҮРГІЗУШІ:
- Құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары, қыздары!

2-ЖҮРГІЗУШІ:
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!
3-ЖҮРГІЗУШІ:
Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына амандық пен қуаныш тілеймін.
1-ЖҮРГІЗУШІ:
Ал, бүгінгі күні қыздарымыздың өнерлерін көрсету үшін «Ақ ару» атты сайыс өткізгелі тұрмыз.
2-ЖҮРГІЗУШІ:
Әділқазы болды бүгін,
Ұстаздар ғой біздердің.
Әділдікпен бағалады,
Өнер білім сайысын.
(әділқазыларды таныстыру)
3-ЖҮРГІЗУШІ: (Қыздарды таныстырып, ортаға шақыру).
Ақ арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға,
Қорықпастан сахнаға келіп жетті.
Әдеппен, ізетпен танысуға,- дей келе
қыздарымыз өздерін таныстыруға өтсін.
1-ЖҮРГІЗУШІ:
«І БӨЛІМ – ТАНЫСТЫРУ»
2-ЖҮРГІЗУШІ:
« Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер» демекші, «ІІ бөлім –ҚОЛӨНЕР».
3-ЖҮРГІЗУШІ:
Көркемөнер – жас бөбек,
Сүйкімді болар бақпаса,
Тортасын алған бал қаймақ,
Бойына сылау жақпаса
Үлпілдеген қызыл шоқ,
Басына үкі тақпаса, - дей келе «ІІІ БӨЛІМ–БІЗ ӨНЕРЛІМІЗ» қыздарымыздың өнерімен танысайық.

1-ЖҮРГІЗУШІ:
«Адам көркі-шүберек,
Ағаш көркі – жапырақ» демекші енді қыздарымыз шаш әсемдеп, соған сай киім үлгісін көрсетеді. ІV-БӨЛІМ - СӘН ҮЛГІСІ».

 

2-ЖҮРГІЗУШІ:

Кел биле, кел биле, бал дәурен,
Бағында базарлы өмірдің.
Көктемдей құлпырып жас дәурен,
Шалқытсын күйлерін көңілдің.

«V БӨЛІМ- БИ БИЛЕЙМІЗ АЙНАЛЫП»

1-ЖҮРГІЗУШІ:

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Сіздер бүгін аруларымыздың өнерлі екенін байқадыңыздар. Енді әділқазылар алқасына сөз берейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«ЖАҢА ЕРТІС ОРТА МЕКТЕБІ» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 6 «А» сынып

Тақырыбы: "Ақ ару" қыздар сайысы(сыныптан                        тыс шара)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014-2015 оқу жылы

Тип материала: Архив RAR (rar)
Размер: 3.14 Mb
Количество скачиваний: 4
Просмотров: 112

Похожие материалы