Презентация на казахском языке на тему: "Стиль, сән және костюм туралы түсінік. Өлшем алу"
Предмет: | Технология |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Мукамбетжанова Жазира Бектурсыновна
|
Это работа авторская, делала для тогда, когда проходила в школе практику. Все материалы на казахском языке, делала все сама. краткое описание: про стиль, про то, как равльно надо брать мерки
Сән ( modus деген латын сөзі) - өлшем, түріл, іс-қимыл бейнесі. Сән белгілі бір талғамның уақытша үстем болуы. Бұл тұрғыда сән - әлеуметтік құбылыс. Киім бірінші қажетті зат. Оны өндірумен өнеркәсіптің әртүрлі салалары айналысады, ал сатумен сауда жүйелері шұғылданады. Сән - экономикалық құбылыс. Адам қоғамның дамуына және жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты адам киімі де түбімен өзгеріп отырады.
Стиль ( «stuios» деген грек сөзі)- мәнер, сипат, ерекшелік.
Киімде бірнеше- классикалық, романтикалық, спорттық, фольклорлық (этникалық), қиялды стильдер болады.
Классикалық стиль- келісті, іскерлі, элегантты өзгермейтін стиль. Классикалық стилдегі заттар ағылшын жакеті, тік тар белдемше, ерлердікі секілді шалбар, т.б.
Спорттық стиль деп- демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін ыңғайлы киімдердім атайды.
Фольклорлық стиль- ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Фольклорлық сипаттағы киімдер сәнділігімен ерекшеленеді. Онда ұлттық құрастырмалы ою - өрнек кестелер, қол жұмысының көптеген элементтері кеңінен пайдаланылады.
Өлшемді арнайы сантиметрлік таспамен түсіреді. Өлшер кезде таспа тығыз немесе бос болмауы керек. Ұзындықтың өлшемін толық жазады. Ал айналым өлшемдерін алғанда оның жартылай өлшемін ғана жазады. Өйткені сызба тұлғаның жартысына ғана орындалады.
1.Өлшем алу үшін адам екрін әрі қимыл-тұрысын өзгертпей тұруы керек.
2.Бел сызығына жіп (бау) байланып, ол көлденең орналасуы қажет. 3.Өлшемді адамның оң жағында тұрып алдымен алдыңғы жағынан, одан кейін артқы жағынан өлшейді.
4.Бірінші өлшем Om, одан әрі өлшеуіш сантиметрлік таспаны, қолтық астына ауыстырады да, арқадағы таспаның жағдайын өзгерпейді, ОгІ, ОгІІ өлшемдерін алады. Бұдан кейін таспаны бел, бөксе сызықтарына ауыстырады, сөйтіп, сәйкесінше От және Об және т.б өлшемдерін алады.
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 1.04 Mb |
Количество скачиваний: | 134 |