Здесь была ссылка на работу Презентация на тему «Қарғандыға- 80 жыл» автора Урисбаева Гулжахан Кадыровна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Биыл – Қарағанды қаласына 80 жылҚазыналы қарашаңырақБиыл Қарағанды шаhарының қала мәртебесіне ие болғанына 80 жыл толады. Қарағанды көмір кенін пайдалану барысында пайда болған елді мекенге 1934 жылғы 10 ақпанда Бүкілресейлік Орталық Атқару комитеті Президиумының қаулысымен қала аты берілді. Төмендегі жазбаларда Қарағанды кен орнының ашылу тарихы, кенішті игеру барысында қаланың қарышты қадаммен дамуы, сөйтіп Қазақстанның ірі өнеркәсіпті, мәдени және ғылыми орталығына айналуы баяндалады. Ертеден мәлім деректермен қатар архив қазынасынан, түрлі әдебиеттен келтірілген тың мәліметтер, сондай-ақ, тарихтан белгілі адамдардың беймәлім тағдыры да әңгімеге арқау болады.Қарағанды көмір бассейнінің алғаш ашылуына ықпал еткен бақташы жігіт Әппақ Байжанов, ол 1833 жылы Қарағанды атты шатқалында бір кесек көмір тауып алады (Нұра өзенінің оңтүстігіне қарай 25 километр жерден), ол кезде бұл жер Игілік және Жұман байлардың жазғы жайлау орны болатын. Осы тарихи оқиға Петр Кузьмич Антоненконың «Еске түсіру. Әппақ Байжанов» (1981 ж.) суретінде біршама нанымды бейнеленген: ұшы-қиыры жоқ жазық дала, жел тербелткен ақселеу, осы дала сияқты аспанда төмен бұлттар зымырап бара жатыр. Жас бақташы жігіт, асыл тас тапқандай, бір кесек көмірді қолында ұстап тұр. Қазақ әйелінің де, үзеңгі жанында тұрған, жүрегінде қобалжу, қара тас көмірге ол да толғаныспен қарап түр.