Презентация на тему "Атмосфералық жауын шашын" 6-класс

Предмет: География
Категория материала: Презентации
Автор:

Күні:

Сыныбы: 6

Тақырыбы: Атмосфералық жауын-шашын

Мақсаты:

Білімділік: Жауын-шашын түрлерімен таныстыра отырып олардың пайда болуы мен сипатынатоқталу

Тәрбиелік: География пәніне деген қызығушылықтарын ояту, білімділікке баулу

Дамытушылық: Атмосфералық жауын-шашын туралытүсініктіқалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап,кітаппен жұмыс,жеке жұмыс

Сабақтың жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

а)Жауын-шашынның түрлері

б) Ауаның жер бетіне таяу қабатынан түсетін ылғал

в) Жауын-шашынды өлшеу

г) Жауын-шашынды есептеу

д) Булану және буланушылық

V. «Ізденген жетер мұратқа» тест тапсырмалары

VІ. Бекітусұрақтары

VІІ. Қорытынды бөлім

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Тәуліктің ішіндегі ең төменгі температура қай уақытқа сәйкес келеді?

2.Температураның тәуліктікамплитудасы дегеніміз не?

3.Ауа райын бақылайтын стансаларда ауа температурасы тәулігіне неше рет өлшенеді?

4.Орташа жылдық амплитуда терминінеанықтама бер

5.Ауа температурасы қандай құралмен өлшенеді?

6.Субуы қалай пайда болады?

7.Ауаның ылғалдылығын қай аспап арқылы өлшейміз?

8.Ылғалдылық қандайтүрлергебөлінеді?

9.Абсолютылғалдылық дегеніміз не?

10.Қандай градустасу буларымұз кристалдарына айналады?

11.Су буларының сұйық күйгеайналу процесін не деп атайды?

12.Буланатын судың қаншапайызы мұхиттар мен теңіздерге тиесілі?

ІІІ. Жаңа сабақ:

Атмосфералық жауын-шашын Бұлттан жер бетінетүсетін сұйық немесе қатты күйдегіылғалдыатмосфералық жауын-шашын деп атайды.Жауын-шашынның түрлеріне: жаңбыр,қар,бұршақ,шық,қырау,қылау жатады.

Бұлтты құрайтын су тамшылары өте майда келеді.Олардыңдиаметріәдетте 0,01 мм-ден аспайды.Бұлттан жауын жаууүшін су тамшылары іріленіп,салмағы ауырлау керек.Тамшылар бір біріне қосылунәтижесінде іріленеді.Сонымен оларауада қалқып жүре алмайды да,салмағымен төмен қарайқұлдилап құлайды.Сөйтіп жаңбыр жауады.Жазда жер беті өтеқатты қызатын жерлерде ауаның жоғары өрлеген күшті ағындары пайда болады.Жаңбыр бұлтты осындайжергетап келсе,ондағы сутамшылары өтеүлкен биіктікке көтеріп кетеді де,су тамшылары қатып,мұз түйіршіктеріне айналады.Салмақты көтере алмай төмен құлап келе жатқан мұз түйіршіктеріне салқындаған су тамшылары қосылып,жұмырланады әрі үлкейе түседі.Соның нәтижесінде жерге бұршақ жауады.Қыстаүлкен биіктіккебұлттағы су тамшылары қатып,әуелі ине тәрізді мұз түйіршіктерін түзеді.Кейін олар бір-бірімен жабысып қарға айналады.

Ауаның жер бетінетаяу қабатынан түсетін ылғал. Ылғал жер бетінетек бұлттан ғана жаумайды,сонымен біргетікелейауадан дабөлініп таралады.Олар:шық,қырау және қылау.Жаз күндерікүндіз буланукүшті жүретіндіктен,ауаға су булары көпжинақталады.Бұлтсыз,ашық түнде жер беті күндіз жылынған жылуынан тезайырылып,салқындайды.Бұл кезде әлі де жылы қалпын сақтаған ауа жер бетіндегі салқындаған заттармен (шөп,бұта т.б)жанасқанда,бойындағы су тамшыларын бөліп шығарады,яғни шық түседі.Шық әсіресе жаздың соңғы айларынақарай жиітүседі.Күзде қыста және көктемде тап осындай жолмен қырау пайда болады.Қатты аязда жер бетіне жақын қабаттардағы су буы мұз түйіршіктеріне айналады.Мұндай ұсақ қиыршық мұз тартылған сымға,ағаш бұтақтарына,үйлердің желдіңөтіндегі қабырғасынаақ борпылдақ зат түрінде ілігіп тұрып қалады.Оны қылау деп атайды.

Жауын-шашынды есептеу. Жауын-шашынның тәулік,ай және жыл ішіндегі мөлшері есепке алынып отырады.Ауа температурасы сияқты жауын-шашынның да көп жылдық ортамөлшері шығарылады.Мысалы орташа жылдық жауын-шашын Астанада411 мм,Алматыда 629 мм.Экватор маңында жылдық жауын-шашын 2000 мм-ге дейін барады.Жауын-шашынның ең көп жауатын жері-Тынық мұхиттағыГавай аралдары мен Гималай тауының етегі(12000 мм астам).Жауын-шашынныңтаралуына аумақтың мұхитқа алыс-жақындығы,жер бедері,басым желдер ықпал етеді.Қазақстан мұхиттардан алыс,Еуразияматеригінің түкпіріндежатыр.Сондықтан біздің елімізге жауын-шашын аз түседі.(көпшілік бөлігінде 200-300 мм)

Булану және буланушылық. Жер бетінде ылғалданудәрежесін анықтау үшін тек қана түсетін жауын-шашынды білу жеткіліксіз.Екі нүктеніңжауын-шашын мөлшері бірдей болғанымен,температурасы әртүрлі жағдайда ылғалдану дәрежесі әртүрлі болады.Себебі неғұрлым жылу мөлшері көп болған сайын түскен жауын-шашынның көбі буланып кетеді.

  • §Булану дегеніміз-судың сұйық күйденгаз тәріздес күйге өтуі. Булану мен буланушылықты бір-бірінен ажырата білу керек.
  • §Буланушылық су қоры жеткілікті болған жағдайдабулануға мүмкіндігі.

V .«Іздеген жетер мұратқа» тест тапсырмалар

1.Ауаның жер бетіне түсіретін күші:

А)Ауырлық күшіВ)Атмосфералық қысым С)Дене салмағы

2.Қалыпты атмосфералық қысымА)750В)780С)760

3.Температурасы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарА)ИзотермаВ)ИзобараС)Изогиета

4.Атмосфера қысымын анықтайтын аспапА)ТермостатВ)БарометрС)Сейсмограф

5.Ауаның ылғалдылығын өлшейтін асапА)ФлюгерВ)Барометр С)Шаш гигрометрі

6.Су буының сұйық күйге айналу процесіА)ЖаңбырВ)КонденсацияС)Абсолютті

7.Жауын-шашын мөлшерін анықтайтын аспап:

А)Шаш гигрометріВ)БарометрС)Жауын-шашын өлшеуіш

Сөзөрім «Атмосфералық жауын-шашын»

Б

У

Д

А

Қ


Ж

Ұ

М

А


Ш

А

Р

Б

Ы



Т

Ы

Ш

Қ

А

Н




А

З

О

Т



А

Қ

П

А

Н















1.Жазда нөсер жаңбыр,ал қыста жапалақтап қар жауатын бұлт түрі

2.Апта күні

3.Нәзік,шілтер тәрізді жаңбыр жауғызбайтын бұлт

4.Жыл басы болған жануар

5.Ауа құрамындағы ең көп газ

6.Жылдың екінші айы

VІ. Бекіту сұрақтары


1.Бұлттан жауын-шашын жауу үшін қандай жағдай қажет?

2.Бұршақ қалай пайда болады?

3.Шық пен қырау қандай жағдайда түседі?

4.Жауын-шашынды қалай өлшейді?

5.Булану дегеніміз не?

6.Жауын-шашынның таралуына қандайжағдайлар әсер етеді?

7.Жауын-шашынның ең көп түсетін жерін ата

8.Жаңбыр қалай пайда болады?

9.Атмосфералық жауын-шашын деп нені айтамыз?

10.Қар жамылғысының қалыңдығын немен өлшейді?

11.Қазақстандағы жауын-шашын ең көп түсетін жер

12.Қазақстандағы жауын-шашын ең аз түсетін жер


VІІІ. Үйге тапсырма:§ Атмосфералық жауын-шашын

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 6.07 Mb
Количество скачиваний: 48
Просмотров: 410

Похожие материалы