Презентация на тему "Жұмыр құрттар"

Предмет: Биология
Категория материала: Презентации
Автор:

Оқыту үрдісінде сабақтың білімділігін, мақсатымен қатар дамытушылық функцияларына, тәрбиелік мүмкіндіктеріне, өмірмен байланысына айрықша назар аударады.

Білімі – жоғары, 2005 жылы «Жаңа технологиялар және химия пәнінің оқыту әдістемесі» атты тақырыпта облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институтында өз білімін көтерді, куәлік берілді. 2009 жылы СТО әдістерін оқып арнайы сертификат алған. 2009 жылы интерактивті тақтаны қолдану туралы курс оқып, сертификат алған. 2011 жылы 12 жылдық білім беру аясында «Бағдарлы оқыту жағдайында білім алушылардың құзіреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық негізі» тақырыбында облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институтында өз білімін көтерді, сертификат берілді.2012жылдан пән мұғалімінің авторлық бағдарламасы облыс көлемінде таратылуға ұсынылды.2013 жылы пән мұғаліміҚазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының бірінші(ілгері) деңгейін 3-айлық курсты бітірді.Пән мұғалімі Кембридж тәсілі бойынша сабақтар жүргізуде.Осы оқу жылыбірнеше халықаралық байқауларға қатысып сертификаттармен марапатталды.

Айшаттың бойында тапқырлық қасиеттері басым, кез-келген сабақ пен іс-шараларды ұйымдастыру қабілеті бар, мінезі ұстамды, еңбексүйгіш ұстаз. Шәкірттердің жүрегінежол таба біледі. Тұрмыста: 2 ұл, 3 қызы бар.

Мінездеме қажетті орынға берілді.

№30Көктөбе орта мектебінің химия

және биология пәнініңмұғалімі

Калдасбекова Айшатқа

Қызметтік мінездеме.

Калдасбекова Айшат мектепте 1987 жылдан беріеңбек етіп келеді.

Ол 2004 жылы ТарМУ – дың«Химия және Биология» факультетін бітірген. 2001 жылдан бастап биология пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келеді. Ол ұжымда шығармашылық қабілетімен танылған, ізденімпаз, білімді де білікті, әрі жаңашыл маман. Химия - биология маманы. Оқушыларға сапалы білім берумен қатар, оларды шығармашылық, ғылыми жұмыстарға баулуға айрықша көңіл бөледі. Түрлі мектепішілік және аудандық, облыстық ғылыми-әдістемелік шараларға белсене атсалысады. Кәсіби біліктілігін арттыруға үлкен жауапкершілікпен қарайды. Қалдасбекова Айшат 2005 жылдан оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда жоғары жетістікке жетіп, оқушылары жоғары оқу орнында грант иеленуде. 2005 жылы 5 оқушы ҰБТ-да тест тапсырып 80%, ал 2006 жылы 5 оқушы ҰБТ-да тест тапсырып 100 %, 2008 жылы 6 оқушы тест тапсырып 50%. 2009 жылы биология пәнінен 5 оқушы 80% , 2010 жылы 12 оқушы ҰБТ-да биология пәнінен 100%, 2011 жылы 5 оқушы тест тапсырып 100% білім сапасын көрсетті. 2012 жылы пән мұғалімі 13 оқушыны дайындаудады.100 % білім сапасын көрсетті.2013 жылыпән мұғалімі 1-алтын белгі,қалған 4-оқушыда 5-тік бағамен ҰБТ-да100 %,білім сапасын көрсетті. Сонымен қатар олеліміздің жаңа білім беру реформасы «12 жылдық білімберуге көшу» арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға белсене атсалысып жүрген, жаңалыққа жаны құмар, тәжірибелі де үздік ұстаздарымыздың бірі. Сонымен бірге Қалдасбекова Айшат 2006 жылдан бері бірлестік жетекшісі қызметін атқарып келеді. 2008 жылы ең үздік бірлестік жетекшісі байқауында ІІІ орын, 2011 жылы ең үздік бірлестік байқауында І орын иеленіп, еңбек кітапшасына алғыс жазылды. 2008 жылы оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие берудегі қажырлы еңбегі үшін аудандық білім басқармасының құрмет грамотасымен, 2009 жылы жасжеткіншектерді оқыту мен тәрбиелеудегі еңбегі үшін Нұр Отан ХДП алғыс хатымен, 2012 жылы VIII ші облыстық авторлық бағдарлама жұмысы үшін сертификатпен марапатталды. Көптеген мектепішілік және аудандық мақтау қағаздары бар. 2008 жылы биология пәні мұғалімдерінің II ші аудандық олимпиадасына қатысып жүлделі ІІ орынға ие болды. Биология пәнінен аудандық олимпиадаға қатысып оқушылары жүлделі орындарды иеленуде. 2010 жылы 9-сынып оқушысы Сағындық Ұлзана ІІІ орын,2011 жылы 10-сынып оқушысы Бастаубай Ақжан ІІ орын, 9-сынып оқушысы Әсілбек Боранкүл ІІІ орын, 2012 жылы 10-сынып оқушысы Ысқақ Анар ІІ орынды иеленді.

2010 жылы облыстық экофорумға ғылыми жоба «Экология және адам денсулығы» байқауына 8-сынып оқушысы Бастаубай Ақжанға ғылыми жетекші болып жұмыстары облысқа өтті. Аудандық «Экология және балалар» аттыоқушылардың зерттеу жұмыстары мен жобаларының аудандық экофорумға қатысқаны үшін пән мұғалімі алғыс хатпен марапатталды. Ал Бастаубай Ақжан ауданнан бірінші орын иеленіп, алғыс хатпен марапатталды.

Қалдасбекова Айшаттың жетекшілігімен мектепішілік ғылыми жоба байқауына Бастаубай Ақжан «Экология және балалар» І орын, Әсілбек Боранкүл «Витаминдер және олардың адам өміріндегі маңызы» ІІІ орын, Иманқұлова Жанат «Жуалы ауданының дәрілік өсімдектері» тақырыбында ғылыми жұмыс қорғап І орын иеленді. І орын иеленген оқушылар аудандық ғылыми жоба байқауына қатысты.

2012 жылы VIII ші аудандық «Ең үздік авторлық бағдарлама» байқауына қатысып, жұмыс облысқа өтті.Қалдасбекова Айшаттың «Жасыл дәріхана» атты авторлық бағдарламасы VIII ші облыстық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының қорытындысы бойынша облыс көлемінде таратылуға ұсынылды және сертификатпен марапатталды. Жұмысының нәтижесі облыстың Білім шуағы газетінде қаңтар айында жарияланды.

Қалдасбекова Айшат оқу үрдісінде оқушының логикалық ойлау және танымдық қабілетін арттыруға ықпал ететін ойындарды, интерактивті тақтаны, иллюстрацияларды, түсіндірмелі тірек-сызбаларды, электронды оқулықтарды ұтымды пайдаланады. Осының айғағы ретінде биология пәнінен «Витаминдер және олардың маңызы», «Тыныс алу мүшелері», «Иммунитет, қан құю, қан топтары», «Генетика және оның зерттеу әдістері», «Ашық тұқымды өсімдіктер» тақырыбындағы сабақтарын атауға болады. Өтілген сабақтар өте жақсы деп бағаланды.

Сонымен қатар «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» атты интеллектуалды ойын, мектепішілік «Өз денсаулығың, өз қолыңда», «Зиянды әдеттер» тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізіп, шәкірттерінің ойынан шығып жүр.

«Тәні саудың - жаны сау» атты тақырыпта өткізген тәрбие сағатының тәрбиелік мәні зор.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 1.03 Mb
Количество скачиваний: 30
Просмотров: 165

Похожие материалы