Презентация на тему "Кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау, кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу"

Предмет: Информатика
Категория материала: Презентации
Автор:

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және

біріктіруге үйрету. Оқушыларға кестелерді қоршауды жиектеуді көрсету.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге

деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелілік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа оқу материалын игерту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер: Практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті.

Сабақта қолданылатын

көрнекі құралдар: ДК, Microsoft Office Word 2003 бағдарламасы, интерактивті тақтада

дайындалған слайдтар,

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

ә) сабақтың мақсаты мен шартын жариялау.

ІІ. Техника қауіпсіздігі ережесін қайталау.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру (тест).

Қорытындылау

ІҮ. Жаңа тақырып.

Ү. Практикалық жұмыс.

ҮІ. Сабақты бекіту

ҮІІ. Үйге тапсырма

ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар!

Бүгін біз MS Word мәтіндік процессорында жұмысымызды жалғастырамыз.

  • Сабақты бастамас бұрын қауіпсіздік техника ережесін айтып шығамыз. Әрқайсысың бір ережеден айтып кетесіңдер, қайталанбауы тиіс.
  • Үй тапсырмасын өтілген тақырып бойынша тест алу.

Сонымен, бастаймыз.

ІІ. Техника қауіпсіздігі ережесін қайталау.

Жауап жоспарының үлгісі:

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге болмайды.
  2. Тағайындалған орынға отыру керек.
  3. ДК-дің мониторын қолмен ұстауға тыйым салынады.
  4. Компьютерде жұмыс істеу тек мұғалімнің рұқсатымен
  5. ДК-ді өздігіңмен жөндеуге болмайды.
  6. ДК бұзылған жағдайда жұмысты тоқтату керек.
  7. Экраннан арақашықтық кем дегенде 60 – 70 см отыру керек және т.с.с.
  • Жарайсыңдар!
  • Сабақтың жоспары бойынша келесі тақырыпқа өтейік.

ІІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Әркімнің партасында Activote тестілеу құрылғысы жатыр. Оған сендер тест жауаптарын тақтадан оқып басасыңдар. Әр сұраққа үш жауап берілген, олардың тек біреусі ғана дұрыс. Дұрыс жауапты тауып, бағалау парағына енгізу керек. Сонымен, тест орындауға кірісеміз.

(оқушылар алдыңғы сабақта өтілген тақырып бойынша тест жұмысын орындайды).

Тест сұрақтары

  1. Microsoft Office Word мәтіндік процессорды қалай іске қосуға болады?

А) Жіберу - Программалар - Microsoft Office Word командаларын орындау арқылы*

В) Файл – Ашу

С) Файл – Құру

2. MS Word стандарт тақтасының орналасуы:

А) аспаптар панелінде*

В) тақырып жолында

С) есептер тақтасында

3. MS Word программасының терезесінің құрылымы:

А) әдеттегі, веб-құжат, беттерді белгілеу, құрылым.*

В) Файл, Түзету, Қою, Формат, Сервис, Кесте, Терезе, Анықтама

С) тақырып жолы, меню жолы, аспаптар панелі, пішімдеу панелі,т.б.

4. Символдарды пішімдеу дегеніміз не?

А) рәсімдеу бойынша жүргізілетін әр түрлі әрекеттер*

В) құжаттардың құрылымымен жұмыс жасауға арналған мәтін

С) суреттері бар батырмалардан тұратын Стандартты тақта

5. Мәтінді туралаудың түрлері:

А) сол жақ, ортасы, оң жақ, ені бойынша туралау*

В) шегініс және аралық

С) жоларалық интервал түрлерімен

6. Жол аралық интервалдың қызметі?

А) арақашықтықты пунктпен көрсетуге мүмкіндік береді.*

В) белгіленген бөліктен анимация типтерінің тізімін таңдауға мүмкіндік береді.

С) мәтін жоғарылап, символ өлшемі кішірейеді.

7. MS Word-та мәтінді әсерлеп жазу командасы

А) Формат – Қаріп – Әсерлеу.*

В) Формат – Шекаралар мен құю.

С) Формат – Абзац

8. MS Word программасында беттің параметрін қалай орнатамыз?

А) Файл – Беттің параметрлері – Бағдарлау – кітаптық, альбомдық.*

В) Қою – Бөлу – Жаңа бетке

С) Қою – Беттің нөмірлері

9. MS Word программасында беттің нөмерленуін қалай қоямыз?

А) Қою – Беттің нөмірлері – Орналасу – ОК*

В) Қою – Бөлу – Жаңа бетке - ОК

С) Файл – Беттің параметрлері

10. Абзацтық шегініс түрлері:

А) нөлдік, оң, теріс*

В) абзацты сол жақ шеті бойынша туралау.

С) абзацты оң жақ шеті бойынша туралау.

ІҮ. Жаңа сабақ

Ал енді жұмыс дәптерін ашамыз.

Бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазамыз. «Кестемен жұмыс». Бұл сабақта сіздер кесте құру әдістерін, сондай –ақ кесте безендіруді үйренулеріңіз керек.

Біздің өмірімізде мәтінді безендіру немесе құжатты кесте түрінде даярлау жиі кездеседі. Оларға: мектеп журналдары, үлгерім табелі және сіздердің күнделік парақтарың т.б. MS Word мәтіндік процессоры кесте құруды жеңілдетеді, ол өзіне бағандардың енін есептеу мәселелерін жүктейді.

Сонымен, Кесте – бұл
Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 4.77 Mb
Количество скачиваний: 73
Просмотров: 242

Похожие материалы