Презентация на тему: Орта мерзімді жоспарлау
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Кошербаева Эльмира Тураровна
|
Орта мерзімді жоспарлау бойынша жазба
Дүние жүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс-тәжірибесінен тұрақты орын алған оқыту жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын қолдану орынды да нәтижелі екендігін дәлелдейтін фактілер бүгінгі таңда ғылыми-педагогикалық әдебиетте жеткілікті деңгейде кездеседі.(Мұғалімге арналған нұсқаулық. 4-бет)
Менің орта мерзімді жоспарлауда алдыма қойған мақсатым: жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, белсенділіктілерін арттыру ойлана алатын және іздене алатын оқушыны тәрбиелеу. Ол үшін бағдарламадағы 7 модульді ықпалдастыра отырып дұрыс және орнымен қолдана білу маңызды. Сабақтың мақсатына жету үшін модульдерді сабаққа дұрыс кіріктіру, тапсырмаларды тақырыпқа сәйкестендіру, әдістерді тиімді таңдау өте маңызды деп ойлаймын. Сабағымда тақырыптың мақсатына негізделген тапсырмаларды орындату үшін бірнеше әдістерді ойын, сұрақ қою, жеке тапсырма жұптық және топтық жұмыстар арқылы модульдерді өзара байланыстыруды жоспарладым. Сабақтарымда
7 модульдің ықпалдастыра отырып қолдануымды реттеп алдым.
Яғни «Ыстық орындық» , «Джиксо» «Миға шабуыл» т.б. әдістерді қолдану арқылы Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулі мен сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін ықпалдастыруды жоспарладым.
Бұл модулдерді кіріктірудегі басты мақсат: оқушылардың белсенділігі мен шығармашылық қабілетін дамыту, бір-бірімен ой бөлісу, талқылау, пікір алмасу, өзгені тыңдау әрекеттерін қалыптастыру.
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 137.94 Kb |
Количество скачиваний: | 28 |