Презентация на тему «Табиғат-денсаулық мекені»

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Презентации
Автор:

"Описание материала:

Сабақтың тақырыбы: "«Табиғат-денсаулық мекені»

Сабақтың мақсаты:

Табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзі екенін, оларды қорғау, аялау, ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру.

Таза ауаны ластамауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың көрнекілігі: проектор, Елбасы Н.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасынан үзінді, даналық сөздер, мақал-мәтелдер, жағдаяттар.

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері ІІ.Психологиялық тренинг «Өзіммен-өзім»

Сендер отбасыларыңмен тау бөктеріне демалуға бардыңдар.

Бәрің сондай қуаныштысыңдыр, отбасы мүшелерінің барлығы мәз – мейрам.

Әдемі түрлі – түсті гүлдер, көбелектер қалықтап жүр.Құстар әсем ән салуда. Сендер өз ата- аналарыңмен қуанып ойнап, шаттанып жүрсіңдер.

Қуанышты көңілмен көзімізді ашып, қандай сезімде болғанымызды айтайық. (Оқушылардың пікірі) ІІІ. Кіріспе Адам және табиғат әрқашан да егіз.

Табиғат біздің асыраушымыз, қорғаушымыз десек те болады.

Күнделікті ішіп жүрген тамағымыз,үстіміздегі киіміміз оқитын кітабымыз жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланылатын дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз- осының бәрі табиғаттың тартқан сыйы.

Сондықтан Елбасы Н.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында “Қазақстан ауасы таза, суы-мөлдір, жасыл желекке айналуы тиіс” деген.

Осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, алдағы уақытта табиғатқа деген сүйіспеншілік, табиғат байлығын қорғап молайту – басты мақсатымыз.

Осы Елбасымыздың айтқанын қалай түсінесіңдер?

(Еліміздің табиғатын көркейту, түрлі ағаштарды, гүлдерді егіп көгалдандыру керек. Сонда ауамыз таза, суымыз мөлдір болады.)

ІҮ. «Өсімдіктер сыр шертеді» кезеңі.

Олай болса, біздің ауылымыздың табиғаты қандай? Ауылымызда қандай өсімдіктер бар?

Ауылымыздың ауасы таза болсын десек, келесі тапсырмаларды орындай отырып елімізді жасыл желекке айналдырайық.

Ағаш отырғызу: 1. Қағаз қандай өсімдіктерден алынады? (шырша, көктерек)

2. Қан тоқтатуға, шаштың ұзарып өсуіне әсер ететі, құрамында дәрумені көп өсімдік. (қалақай)

1. Көктемде ақ гүлге оранды, күзде қолға доп болып оралды? (алма)

2. Қандай өсімдіктердің жемісі бетті ағартады және ажарландырады. (бүлдірген)

Үйге берілген тапсырмада өз жерімізде өсетін дәрілік өсімдіктердің кейпіне еніп, мағлұмат жинап келу.

Дайындаған мағлұматты айтып берген бала гүл отырғызады.

Гүл отырғызу: 1. (Жолжелкен) Мен жолжелкенмін көпжылдық өсімдікпін.

Жол жиегінде өсемін. Емдік мақсатқа жапырағымды, тамырымды қолданады.

2. (Ошаған) Мен ошағанмын бойым 1 метр.

Бұтақтарым көп. Мені арам шөп дейді. Ал сөлім өкпе демікпесін емдейді.

Ү. Ойын: «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал!» (доп лақтыру арқылы сөздер ойлау)

«Денсаулық» сөзімен басталады, соңғы әрпіне жаңа сөз ойлап айту.

Деніміз сау болсын десеңдер, дәрумендері бар қандай жемістерді білесіңдер? ҮІ. «Ойланайық, пікірлесейік!»

- Табиғатты неге денсаулық мекені дейміз? - Өз денсаулықтарыңды қалай күтесіңдер? - Қандай спорттың түрлерімен шұғылданасыңдар?

- Дұрыс тамақтану дегенді қалай түсінесіңдер?

ҮІІ. Сурет бойынша әңгімелеу.

Денсаулығымыз мықты болу үшін табиғатымыз қандай болу керек?

Жер бетінде ала шұбар дақтар көп.

Соның бәрі де адам қолымен салынған таңбалар.

Сулы-нулы көкорай жер шарын талай ғасыр мекен етіп келген адамдар өзен, көлді суалтып, қу тақырға айналдырып, жасыл шалғынды орман тоғайды күйдіріп өртеуде, тау мен даланы тескілеп, шаңын аспанға шығаруда.

ҮІІІ. Берілген сурет бойынша тыйым сөздер құрастырып, себебін дәлелде.

ІХ. Ой-толғау Денсаулықтың достарын атау Денсаулықтың дұшпанын атау Х. Эссе жазу.

-Ауылымыздың табиғаты туралы не айтар едіңдер?

- Айналамызды қоршап,жайқалып өсіп тұрған ағаштар. Ауылымыздың бөгеті мен бұлағы бар. Еліміздің де табиғаты көрікті.

- Ауылымыздың атап өтетін тағы қандай байлығы бар? (ауыл туралы эссе жазу)

ХІ. Жүректен жүрекке. Жылы лебіздерін білдіру (денсаулық, табиғат туралы)

ХІІ. Рефлексия Білемін Білдім Білгім келеді Қорыта келгенде табиғат байлықтарын қорғай білу азаматтық борыш.

Оны аялап, сүйе білейік.

Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін де сүйе алмайды.

Ластанған табиғаттан денсаулығымыз нашарлайды.

Сондықтан, «Табиғат – денсаулық мекені».

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 3.86 Mb
Количество скачиваний: 18
Просмотров: 121

Похожие материалы