Презентация по биологии на тему "Қоршаған орта тағдыры- адам тағдыры"
Предмет: | Биология |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Аманкосова Анаргуль Елубаевна
|
Мақсаты: білім беру жүйесіндегі экологиялық тәрбие беруде жас ұрпақты елін, жерін сүюге, табиғатты аялауға, экологиялық сананы қалыптастыруға баулу.
Міндеттері: оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, халықтық педагогиканы меңгерту, әсем табиғаттың байлығын қорғай білуге үйрету.
Ән «Шақырады көктем»
Жүргізуші: Табиғаттың арайлансын ажары
Болмаса екен тартар оның азабы
Табиғатқа тазалықты тарту ет
Тарқамасын аң мен құстың базары
Табиғат, Жер-ана, Отан, Туған жер, Атамекен құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті, бір-бірімен мағыналас, мазмұны бай сөздер.
Адамның өзі табиғат пен Жер ананың перзенті, Жер-ананы сүйе білу, оны аялау адам баласының азаматтық борышы.
«Білекті бірді, білімді мыңды жығар» демекші, экологиялық сауатымызды ашсақ, экологиялық білім алсақ, өз экологиялық апаттан аман болатынымыз анық. Бүгін осындай мақсатпен оқушыларымыздың арасында «Ғаламның денсаулығы- адамның денсаулығы» атты экологиялық сайыс ұйымдастырып отырмыз.
Қазылар алқасымен (3адам), ойын шартымен, кезеңдерімен (6), топтармен таныстыру. Топтар құрылып, топ басшысын сайлап, атын ойластыру.
1-кезең. Таныстыру. Топ басшылары өз топтарын таныстырады.
2-кезең. Табиғатқа араша.
3-кезең. Табиғат және әдебиет
4-кезең. Табиғат күнтізбесі
5-кезең. Табиғатты өлең жолымен өрнектеу
6-кезең. Мақал сөздің мәйегі
1-кезең. Таныстыру. Топ басшылары өз топтарын таныстырады.(5 ұпай)
2-кезең. Табиғатқа араша.
Жүргізуші:
Ей, адамзат, сен алдымен досыңды ұқ,
Сенің досың таза ауа, өсімдік.
Табиғаттан ала беріп барлығын,
Ал оны қорлау, не сұмдық.
-деп ақындар жырлағандай, ата-бабаларымыз көзінің қарашығындай қорғап, бізге мұраға қалдырған қазақ жерінің асты-үсті тұнған байлық. Бірақ оны ұқыпсыз пайдалану-түзілуіне мыңдаған жылдар кететін әсем табиғаттың тепе-теңдігінің бұзылуына әкеп соқтыруда. Бүгінде тек Қазақстанда ғана емес бүкіл әлем экологиялық апат алдына тұр. Оның барлығына адамзат кінәлі. Барлығы да адам қолымен жасалған істер.
- Табиғат дабыл соғады, табиғат араша сұрайды.
Сол әсем табиғаттың ажары мен тепе-теңдігін сақтау, байыптау біздің қолымызда. Бүгін сіздерге, қу ағашқа жайқалған жапырағын, өзен-көлге шоршыған балығын, орман-тоғайға құсын, жануарларын қайтару мүмкіндігі туып тұр. Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.
1.Қазақстанда қанша қорық бар? (9)
2. «Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға.
Жақсы атпен тату жолдас бір ғанибет,
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға « өлеңінің авторы кім? (Абай).
3. Дүние жүзінде ең кішкентай құс? (колибри)
4. Дүие жүзінде ең үлкен жануар? (Кит).
5. Қазақстанда «Қызыл кітап» қай жылы шықты? ( 1978 жылы)Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 1.47 Mb |
Количество скачиваний: | 7 |