Презентация по биология "Жемістер"
Предмет: | Биология |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Бижанова Айнур Абдрамановна
|
6 сыныпта жемістер тақырыбы. Басты мақсатым: Жемістердің көптүрлілігін, кездесетін жерлерін, және бұрынан білетін білімдерін кеңейту. Оқушыларға қанша түрі бар екенін ажыратып көрсетуге үйрету. Жемістер Шырынды және құрғақ жемістер болып екі топқа бөлінеді. шырынды жемістер Жидек, Жижек тәрізді, Сүйекті болып 3 ке жіктелінеді. Жидек- жемістің сыртқы қабығы жұқа жұмсақ, шырынды, ішінде тұқымдары болады. Ал жидек тәрізді - жемістердің қабығы қатты. Сүйекті - жемістерінің сыртқы қабығы жұмсақ шырынды ішкі бөлімі сүйектенген бір немесе бірнеше тұқымы болады.
Мысалы: қызанақ, өрік, шие, шабдалы жатады. Құрғақ жемістер Қақырайтын және қақырамайтын болып екі үлкен топқы бөлінеді. қақырайтын құрғақ жемістер Бұршаққап, Бұршаққын, Қауашақ болып 3- ке жіктелінеді.
1. Бұршаққап- бір ұялы көп тұқымды жемісінің тігісінене қақырайды. Тұқымдары жеміс жақтауының жиегіне бекиді. Мысалы. асбұршақ, қараған, үрмебұршақ.
2. Бұршаққын- екі ұялы, көп ұялы көп тұқымды жеміс. Тұқымдары пердеге бекінеді. оларға; жұмыршақ, шытырша, қырыққабат.
3. Қауашақ- бір және көп ұялы, көп тұқымды жеміс. қауашақ әр жерінен қақырайды. Мақта, зығыр, көкнәр жатады.
Қақырамайтын құрғақ жемістер қанатты, Жинақталған, жаңғақ, тұқымша жеміс, дәнек жеміс болып топтарға жіктелінеді.
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 2.21 Mb |
Количество скачиваний: | 73 |