Презентация по биологию на тему "Орамжапырақ тұқымдастар"

Предмет: Биология
Категория материала: Презентации
Автор:

Орамжапырақ тұқымдасы, крестгүлділер тұқымдасы (Crucіferae, Brassіcaceae) – қосжарнақты, бір, екі және көп жылдық шөптесін, бұта, жартылай бұта өсімдіктер. Дүние жүзінде негізінен Солтүстік жарты шарда тараған 350 туысы, 3 мыңдай түрібелгілі. Қазақстанда 78 туысқа жататын 298 түрі бар. Жапырақтары кезектесе орналасқан, бөбе жапырағы болмайды. Гүлі ақ, қызғылт, сары, көк түсті, қосжынысты. 4 тостағанша, 4 күлте жапырақшалары қиғаш (крест) орналасқан. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді. Аталығы 6, аналығы – біреу. Наурыз – тамыз айларында гүлдейді. Жемісі – бұршаққын, кейде жаңғаққаұқсас болады. Тұқымы майлы, құрамында глюкоидтар бар. Орамжапырақ тұқымдасының арасында тағамдық көкөністер (қырыққабат, шалқан, шалғам, тарна, т.б.), майлы өсімдіктер (қыша, арыш, т.б.), дәм-татымдық (қышабас, ақжелкек,баймана, т.б.), дәрілік (ымыртгүл, шытырмақ, қанатжеміс, жұмыршақ, т.б.), бояу алынатын (қышабас, шытыршық), балдық және әсемдік үшін өсірілетін көптеген түрлері кездеседі. Орамжапырақ тұқымдасының шөл, шөлейтті жерлерде өсетін түрлерінің мал азықтық маңызы зор. Орамжапырақ тұқымдасына жататын өсімдіктердің арасында қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген 15 түрі бар. 

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 4.58 Mb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 213

Похожие материалы