Презентация по биологию на тему "қосмекенділер класы" (7 класс)

Предмет: Биология
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Қосмекенділер (Amphіbіa) – хордалылар типі, омыртқалылар тип тармағының бір класы. Қосмекенділердің 2 класс тармағы: доғаомыртқалылар (Apsіdospondylі)жұқаомыртқалылар (Lepospondylі), 3 отряды (құйрықсыз қосмекенділер, құйрықты қосмекенділер және аяқсыз қосмекенділер), 25 – 30 тұқымдасына бірігетін 4 мыңнан астам түрі белгілі. Тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарда таралған. Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады, ал дернәсілдері суда тіршілік етеді, тек түрленіп дамығаннан кейін оларда ересектеріне тән морфология-физиологиялық ерекшеліктер қалыптасады. Дернәсілдерінің анатомиялық құрылыстары (жүрегінің екі камералы болуы, желбезектерімен тыныс алуы, т.б.) балықтарға ұқсас. Ересектері өкпе және терісі арқылы тыныс алады. Қосмекенділер жоғары девонда саусаққанатты балықтардан пайда болған, балықтар мен “нағыз” құрлықтағы омыртқалылардың (амниоттар) арасынан орын алады. Бұларға жерде жүруге бейімделген буыны шар тәрізді, бірнеше бөлімдерден тұратын, бес саусақты жұп аяқтар тән. Бас қаңқасы аутостилиялық (үстіңгі жақсүйегі бассүйекке бітісіп кеткен). Қосмекенділерде үлкен қан айналу шеңберінен басқа кіші (өкпелік) қан айналу шеңбері пайда болған. Жүрегі екі жүрекше мен бір қарыншадан тұрады. Сол жақ жүрекшеде таза артерия қаны, ал оң жақ жүрекшеде вена қаны мен теріден келетін артерия қаны болады. Қарыншада артерия және вена қандары араласады.

Алдыңғы мидың 2 жарты шар күмбезінде жүйке клеткаларының жиынтығы болады. Зәр бөлу жүйесі мезонефростық (дене бүйрегі) типке жатады. Денесінің ұзындығы 2 – 3 см-ден 1,8 м дейін жетеді. Терісі жұмсақ, жалаңаш денесі шырыш бездері бөлетін шырыштан дымқылданып тұрады. Тіршілігіне қажетті оттектің едәуір бөлігін терісі арқылы сіңіреді. Көпшілік қосмекенділердің сероз бездері бар, ол кейбір тропиктік түрлерінде өте улы келеді. Балықтардан айырмашылығы тері бездері ірі, көп клеткалы болады. Ересек қосмекенділер негізінен жәндіктермен, ал дернәсілдері су өсімдіктерімен де қоректенеді. Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі кездеседі, оның 3 түрі жетісу аяқтыбалығы, даната құрбақасы, қызылаяқ бақа, Қазақстанның “Қызыл кітабына” тіркелген.[1]

Кейбір түрлерінін тіршілігі сумен байланысты. Олар ерте девонда балықтардан бөлініп шығып, құрлық жануарларымен балықтардың ортасындағы жануарлар тобына айналған. Казіргі қосмекенділердің дене ұзындығы 2-3 см-ден 1,8 м дейін. Терісі жұмсақ, тықыр, көптеген кілегей бездерінің сөлімен әрдайым ылғалданады және тері арқылы әртүрлі ауа газдарымен су алмасу процестерін жүргізеді. Олардың арасында кейбір түрлері артқы аяқтарын жоғалтқан,ал кейбіреулері аяқсыз калған. Кеуделері жоқ, өкпеге ауа ауыз қуысының түбіндегі бұлшық еттердің жиырылуымен жеткізіледі. Кейбір түрлері өкпесіз, (саламандрлар). Мишық жетілмеген. Құйрықсыз К. ортаңғы кұлағы мен дауылпаз жарғағы бар. Жүрегі үш камералы, ал өкпесі жоқтарда, екі камералы. Бүйректері балықтар бүйрегіне ұқсас, клоакаға ашылады. Қ., пойкилотермді жануарлар.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 3.07 Mb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 143

Похожие материалы