Презентация по географии "Япония" (11- класс)

Предмет: География
Категория материала: Презентации
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Жапония үлкен жетілік елі.

Сабақтың мақсаты: Сабақта оқушының кең ауқымды танымын қалыптастыру, олардың қызығушылығын ояту арқылы жеке пікірге жетелеу, қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

1.Білімділік: Жапонияның экономикалық және әлеуметтік дамуының жоғарғы деңгейге жету себептерін, халқының тұрмыс тіршілігіне, мәдениетіне, біліміне, әдет-ғұрпына сипаттама беру. Қазақстанның дамуына себепкер болатын даму үлгісін қарастыру.

2.Тәрбиелік:Оқушыға жапондардың ұлтжандылығын, кішіпейілдігін т.б. құндылықтарынан мысал келтіре отырып оқушыларға ұлттық тәлім-тәрбие беру, жапондардан алар үлгіміз көп екенін насихаттау. Халықтар арасындағы достықты сыйлауға тәрбиелеу. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, табиғатты жапондарша сүюге тәрбиелеу.

3. Дамытушылық:Оқушылардың интеллектуалдық ой-өрісін дамыту. Салыстыру қабілеттерін шыңдау, тақырыпты оқушылардың өздік меңгеруіне мүмкіндік беру. «Менің ойымша»деген жеке пікірін қалыптастыру. Оқушылардың өз ойларын жүйелеп айтуды дамыту.

Сабақтың типі: Жаңа білімді қалыптастыру сабағы.

Сабақтың әдісі:мультимедиялық сабақ, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының элементтері пайдаланылды.

Оқыту құралдары: дүние жүзінің саяси картасы, оқулық, электрондық оқулық, редактор «Paint», «Rower Paint», «Word» т.б.

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру.

2. Ой қозғау .

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

4. Адасқан оқиғалар

5. Синкуин стратегиясы.

6. Сабақты бекіту тесті.

7. Қорытынды «Венн жүйесі» бойынша.

8. Бағалау.

9. Үйге тапсырма.

1.Ұйымдастыру: Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Жапония үлкен

жетілік елі», бұл сабағымыз жаңа білімді игеру сабағы,бүгін сендер елдің табиғат жағдайларын, табиғат ресурстарын, халқын, дінін, ұлттық құрамын, урбандалу деңгейін,салт-дәстүрінен, мәдениетінен, қалаларынан хабардар боласыздар, келесі сабақта шаруашылығын оқимыз.

2.Ой қозғау.

Балалар біз жалпы Жапониямен нені байланыстырамыз, қазірге дейін не білесіңдер бұл ел туралы бұрын алған білімдеріңе сүйеніп естеріңе түсіріп көріңдер. (оқушылар былай жауап берді)

Самурай- Жапон жауынгері.

Икебана-бұл гүлден,қураған бұтақтан жасалған гүл шоғы. Мұның қураған өсімдіктен жасалу мағынасы мынандай:гүл кесілді бірақ ол өлген жоқ, сіз гүлдің жанын сақтап қалдыңыз, ол енді жаңа ортамен толық сәйкестікте.

Кимоно-жапон әлемінің ұлттық киімі, ол осыдан 11 ғасыр бұрын пайда болса да қазір дәл сол күйінде сақталған екен. Кимононы кесіп немесе пішпейді, оны төртбұрышты маталардан құрастырады.

Иена-Жапонияның ұлттық валютасы.

Синтоизм-Жапондардың ұлттық діні.

Сумо-ұлттық спорттық ойын.

Дзюдо- ұлттық спорттық ойын (еркін күрес)

Фудзияма- Жапонияның ең биік нүктесі және қасиетті тауы (3776м)

Сакура- жабайы шие, Жапондардың ұлттық символының бірі.

Суши- шикі балықтан жасалған ұлттық тағамы.

Оқушылар тағы сондай бірқатар Жапониямен байланысты атауларды атап оларға түсінік береді.



Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 16.36 Mb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 160

Похожие материалы