Презентация по информатике на тему "Ақпарттық модель"

Предмет: Информатика
Категория материала: Презентации
Автор:

Ақпараттық модель

Зерттеудегі обьект туралы қажетті ақпараттың бәрін қамтитын шамалар жиынтығы-ақпараттық модель.Ақпараттық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі олар тек ақпараттардан ғана құралады. Мұндай модельдер қоршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмкіндік береді,  модель обьектінің қасиеттерін, белгілерін, күйін толық көрсететіндей болуы қажет. Обьектіні зерттеу үшін адам сол обьект жөнінде ақпарат жинақтайды.

Ақпараттың аса көп болуы міндетті емес, қолданылатын мақсатқа сай болса, жеткілікті. Мысалы: мектепте сен қан айналымының ақпараттық моделімен таныстырылады. Оқушы үшін бұл жеткілікті болғанымен, дәрігер мамандығын қалағандар үшін осы білімді одан тереңдетіп, жетілдіру қажет.

Кейбір обьектілерге белгілі бір қасиеттер тән болғандықтан ол көзге анық көрініп тұрады.Мысалы гүл түсінің сарылығымен,ал найзағай жаркылдауымен ерекшеленеді. Осы обьектіге не себепті сол қасиеттердің тән екнін білу үшін обьектіні толық зерттеу қажеттілігі туады. Модель құру кезінде обьектіге зерттеу мақсатында,зерттеу құралдары мен адамның білім дәрежесіне қарай әртүрлі ақпарат жинақталады. Мысалы:Өсіп тұрған гүл жөнінде биология маманы,дәрігер және оқушының алатын мәліметтерін салыстырайық.

Биология маманы гүлді өзі білетін гүлдермен салыстырып тамырына, клеткалық құрамына, топырақта өсу ерекшеліктеріне коңіл бөледі.

Дәрігер өсімдіктің химимялық құрамын анықтап,оның денсаулыққа пайдалы және зиянды жақтарын ашуға тырысады.

Ал оқушы гүлдің сыртқы көрінісіне,иісіне,үзілгеннен қанша уақыт солмайтына көңіл бөледі.

 

 Обьектінің қасиеттерін сипаттау үшін әртүрлі схемаларды,таңбалық жүйелерді қолдануға болады.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 661.5 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 92

Похожие материалы