Презентация по информатике на тему "Corel Draw ішкі ортасымен танысу" (11 класс)
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Молдашова Мадина Бакдаулеткызы
|
Тақырыбы: CorelDRAW ішкі ортасымен танысу.
Сабақтың мақсаты: CorelDRAW графикалық редаторы, оның негізгі мүмкіндіктері, қолдану аясы, терезе құрылымы, батырмалары мен панельдері және оларың қызметтері туралы нақты білімдерін қалыптастырып, дамытуға ықпал жасау.
Дамытушылығы: Оқушылардың векторлық графикамен жұмыс істеу принциптерін меңгерту арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;
Білімдік: Оқушыларды CorelDRAW ішкі ортасымен таныстыра отырып, бағдарламада құжат құру, сақтау, өңдеу жолдары туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелігі: Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыра отырып, жан-жақты болуға, ұжымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : сарамандық сабақ.
Сабақ барысы :
Сөздердің орындары ауыстырылып анықтама беріледі. Оқушылар сол анықтаманы құрастырулары керек.
Жауабы: Растрлық графика дегеніміз – бейнелер пиксельдерден құралатын графиканы айтамыз.
Жауабы: Векторлық графика дегеніміз – бейнелер геометриялық фигуралардан тұратын графиканы айтамыз.
Тақырыбы: “CorelDRAW ішкі ортасымен танысу.”
CorelDraw графикалық редакторы – геометриялық (сызық, доға, төртбұрыш, шеңбер т.б) фигуралардан тұратын объектілермен жұмыс жасауға арналған бағдарлама.
Мұнда әрбір объект өзіне тән түстер мен абристерге ие. Сонымен қатар бағдарламада мәтін және растрлық бейнелермен де жұмыс жасауға мүмкіндік бар. Ондай мүмкіндікті Corel PHOTO-PAINT сияқты қосымшаларында қарастырылады.
Бағдарламаны іске қосу командасы:
Пуск – Все программы – CorelDraw Suite X3 - CorelDraw X3 немесе жұмыс үстеліндегі арнайы жарлығынан қосуға да болады.
Сонымен CorelDraw бағдарламасы – негізі сызық немесе кез келген геометриялық фигура болып табылатын векторлық объектілерді өңдеуге арналған бағдарлама.
CorelDraw бағдарламасының жұмыс терезесі басқа графикалық редакторлардың терезесінен қатты ерекшеленбейді. Бағдарламаны алғаш іске қосқанда көрінетін терезе:
Запустить программу командасын таңдағанда құжат ашуға немесе құруға, сақталып қойылған шаблондарды пайдалануға мүмкіндік беретін тағы бір сұқбат терезе ашылады.
Векторлық графика CorelDraw редакторының жұмыс терезесінің негізгі элементтерімен танысалық.
Бағдарламаның құжат форматы автоматты түрде Рисунок1.CDR деп сақталады.
Жұмыс терезесінің құрылымы:
Файл-құжат ашу, сақтау, құру, импорт, экспорттау секілді әрекеттерді орындау мүмкіндігін береді.
Правка – әрекеттерді қайтару немесе кері қайту, объектіні редактрлеу жұмыстарын: көшіру, қою, көбейту, көшірмесін алу т.б орындауға болады.
Вид- Терезе қасиеттерін өзгертуге мүмкіндік береді.
Макет- Парақ параметрлерін өзгертуге арналған.
Упорядочить-объектінің параметрлерін: орналасу ретін, топтау, біріктіру, құлыптау т.б өзгертуге болады.
Эффекты-объектіге түрлі эффектілер беру.
Растровые изображения – Растрлық бейнелермен жұмыс жасауға арналған.
Текст-мәтінмен жұмыс жасауға арналған.
Инструменты – бағдарламаны баптауға мүмкіндік береді.
Окно-қосымша терезелерді терезе аумағына шығаруға мүмкіндік береді.
Ішкі терезені басқару батырмалары – жинау, жаю, жабу.
Нұсқағыш (обектіні белгілеу)
Форма (объектінің пішінін өзгерту)
Қию (Объетіні қию)
Масштаб (объектінің өлшемін өзгерту)
еркін форма (еркін түрде объетілер салу)
жеке құю (шектеулі аумақта объекті құрып барып, соны бояу)
тік төртбұрыш (тік төртбұрышты фигура)
элипс
көпбұрыш
негізгі фигуралар (бағыттауыш, ескертпелер, жұлдызшалар т.б)
мәтін
интерактивті ағын (екі объектінің пішіндерінің ағынын өзгерту)
пипетка (объектінің қасиеттерін көшіріп алу)
абрис (объектінің шекарасын өзгерту)
бояу (объектінің түсінің қасиетін беру)
интерактивті бояу (объектіге түрлі бояу тәсілдерін беру)
Үстінде оннан сексенге дейінгі балдармен белгіленген сұрақтарға жауап беру тиіс.
10. CorelDraw бағдарламасын іске қосу командасы?
Жауабы: Пуск – Все программы – CorelDraw Suite X3 - CorelDraw X3
20 CorelDraw графикалық редакторының құжатының форматы?
Жауабы: Рисунок1.CDR
30 Парақ саны көбейту командасы?
Жауабы: Парақтың санын (тышқанның оң жағын парақ атауында шертіп, Вставить страницу перед немесе после текущей)
40 Қалып күй қатары қай жерде орналасқан және қандай қызметі бар?
Жауабы: Объектінің парақтың қай жерінде орналасқаны туралы және сол объектімен қалай жұмыс жасауға болатыны және объектінің түсі мен шекара сызығы туралы анықтама көрсетіп тұрады.
50 Макет мәзірінің қызметі?
Жауабы: Парақ параметрлерін өзгертуге арналған.
60 Упорядочить мәзірінің қызметі?
Жауабы: Объектінің параметрлерін: орналасу ретін, топтау, біріктіру, құлыптау т.б өзгертуге болады.
70 Окно мәзірінің қызметі?
Жауабы: Қосымша терезелерді терезе аумағына шығаруға мүмкіндік береді.
80 Қасиеттер терезесінің қызметі?
Жауабы: Парақ немесе белгілі бір объектіге қатысты қасиеттерін көрсетіп тұрады. Объектінің х, у осі бойынша орналасуы, объект өлшемі, объект масштабы пайызбен, айналу бұрышы, объектінің бұрыштарын өзгерту, т.б.
Сөзжұмбақ беріледі. Сөздерді тақтаға шығып, жазу керек.
Жауабы: 1.Геометриялық, 2.Правка, 3.Жабу, 4.Файл, 5.Вид, 6.Макет, 7.Растрлық
Жауабы: 1.Текст, 2.Доға, 3.Справка, 4.Векторлық, 5.Аспаптар, 6.Окно, 7.Шеңбер
Сұрақ жасырылады, сұрақтарға әріппеп жауап берсе сол әріп ғажайып алаңнан ашылуы тиіс. Егер барлығына бірден жауап беретін болса, онда барлық әріп бірден ашылады.
Жауабы: Жұмыс аймағы
Жауабы: Фигура
Бағалау . Оқушылардың жұмысын талдап, баға беру.
Үйге тапсырма: CorelDRAW ішкі ортасымен атқарған жұмыс қайталау.
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 539.8 Kb |
Количество скачиваний: | 167 |