Презентация по информатике на тему "Виды модели"

Предмет: Информатика
Категория материала: Презентации
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Модель.Модельдер түрі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға модельді қандай топтарға жіктеуге болатының

біле отырып,математикалық молдельдерді құрып үйрену.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тиянақтылыққа,шапшаңдыққа, жылдамдыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Пән аралық байланыс: математика

Оқыту формалары: жеке,топтықжәне ұжымдық.

Сабақта қолданылатын көрнекі-құралдар: компьютер,тапсырмалар, слайдтар,

тест парағы

Сабақ өту барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

А) Оқушылармен сәлемдесу.

Ә) Оқушыларды түгелдеу.

Б) Назарын сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.

1.Модель дегеніміз не?

Модель дегеніміз – нақты объектіні,процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.

Модель – көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалады.Мұндай модель барлық уақыттта біздің ойымызда бейнеленетін прототип болғанға дейін жасалады.

2.Модельдеу деп нені айтады?

Модельдеу – объектілерді,процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін(макетін) құру.

3.Қолдану аймағы бойынша модельді қандай топтарға жіктеуге болады?

Оқу, тәжірибелік, ғылыми-техникалық, ойын, имитациялық.

4.Уақыт факторы бойынша модельдер қандай топтарға жіктеуге болады?

Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалықдеп екі топқа жіктеуге болады.

Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады. Мысалы тіс емханасында дәл сол уақыт мезетіндегі оқушылардың тістерінің жағдайы туралы мәлімет береді:бастауыш сыныптағылардың сүт тісі, орта және жоғарғы буындағы оқушылардың емделген, емделуге тиісті тістерінің саны т.б.

Динамикалық модель –уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінөзгерісін көрсету мүмкіндігін береді. Мысалы, жеке оқушының емханадағы түбіртек кітапшасын динамикалық модель деп айтуға болады. Өйткені осы кітапша бойынша жыл сайын олардың денсаулығындағы болып жатқан өзгерістерді анықтау мүмкіндігі бар.

5.Білім саласы бойынша модельдер қандай топтарға жіктеуге

болады?

Медициналық,биологиялық,химиялық.

6. Ұсыну тәсілі бойынша модельдер қандай топтарға жіктеуге болады?

Материалдық модельдібасқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға болады. Олар түпнұсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді. Материалдық модельдердің қарапайым мысалдарына балалар ойыншықтарын алуға болады.

Ақпараттық модель дегеніміз – объектіні, процестің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады.

7. Ақпараттық модельді қандай топтарға жіктеуге болады?

Вербальдық модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.

Таңбалық модель деп арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады.

Тарату тәсіліне қарай модельдер компьютерлік және компьтерлік емес болып бөлінеді.

8.Көрсету түріне қарай ақпараттық модельді қандай топтарға жүктеуге болады?

Көрсету түріне қарай ақпараттық моделді мынадай топтарға жіктеуге болады:

Геометриялық модель ,ауызша модель,математикалық модель,құрылымдық модельдер,логикалық модель,арнайы модельдер

ІІІ Жаңа сабақ түсіндірмесі:

Материалдық және ақпараттық модельдеу

Бір объекті үшін әртүрлі модель жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 8.72 Mb
Количество скачиваний: 4
Просмотров: 149

Похожие материалы