Презентация по казахская литература на тему

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Презентации
Автор:

25.09.14. ж күні 9 «А»-сыныбына «Қызжібек жыры» тақырыбы бойынша  сабақ жоспарын Блум таксономиясы бойынша құрып, сабағымда сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын пайдаландым. Оқушыларды әр түрлі сандар арқылы төрт  топқа бөлгеннен кейін, сабақтың мақсаты бойынша білу деңгейінде оқушылардан үй тапсырмасын «Ой шақыру» және «Миға шабуыл» стратегиясы бойынша сұрадым. Мұнда әр топ сұраққа жауап беріп, өздеріне ұпай жинап отырды. Жаңа сабақты топтық жұмыс арқылы өттім.  Әр топ өз тапсырмаларын орындады. Сабақты  қорытындылау үшін «Ақылды доп» стратегиясы бойынша «Мақал-мәтел» сайысын өткіздім. Дегенмен, сабақ барысында кей оқушылар өздерін еркін сезіне алмады. Сонымен қатар сергіту сәтін жасау үшін уақыт жетпей қалды.

    Қорытындылай келе оқушылар сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы бойынша ойлау, бағалау, талдау, синтездеу, қарсы пікір айту, өз пікірін айту, баламалы шешімдер қабылдау дағдылары бойынша жұмыс жасады.

Оқушылар топпен жұмыс істеу арқылы бірлесіп, өзара әрекеттесудің арқасында қарым-қатынас біліктілігін үйренді, оқушының зерттеу біліктілігі дамыды. Мәселен, топтық жұмыстарды орындауда бірлесіп проблемма шешу, мәлімет табу, бақылау, талдау,  қорыту т.б.

 

Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман», - деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.Оқушыларға тек дайын дүниелерді ғана бергеннен гөрі,түрлі бағыттаушы сұрақтармен, қилы жағдаяттар арқылы бағдар бере отырып іздендірсе, сенім білдірсе,нәтижелі жұмыс жасауға ынталы болады. Мұғалім міндеті- осындай жағдай тудыра білу. Сонда ғана оқушы өз бетімен ізденуге, еңбектенуге талпынады, үйренеді.Оқушының өзінде қозғалыс болғанда ғана онда қызығушылық пайда болады.    

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 1.21 Mb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 130

Похожие материалы