Презентация по казахскому языку (2 класс)

Предмет: Другое
Категория материала: Презентации
Автор:
«Қазақ тілінің білгірі" атты сайыс сабақ. 2 сынып  

Сайыстың тақырыбы: «Қазақ тілінің білгірі"

                                           Зат есімнің жекеше, көпше түрі.

2 сыныптағы "Қазақ тілінің білгірі" сайысына  қош  келдіңіздер!

Сабақтың мақсаты:

1. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыру арқылы оқушылардың білім деңгейін анықтау;

2. Пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру;

3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: ойын, сайыс  сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау,
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс: ауыз әдебиеті,


Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

1)Үй тапсырмасын тексеру.
2) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
3) Әділқазылар алқасын сайлау.
4) Сайыстың мақсатымен таныстыру.

5) Оқушылар назарын сабаққа аудару.
6) Қол ұстасып  өзіне достарына, сабаққа сәттілік тілеу.
7) Топ құру, топ лидерін сайлау, Топтардың аттарымен , ұранымен, таңбасымен танысу.


- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Сабаққа жұмыла, белсенді қатысуларыңды сұраймын.


СӘЛЕМДЕСУ

Жарқырап күн де ашылды

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн!

Біз көңілді баламыз,
          Қайырлы күн!

Сәлемдесіп аламыз.

 

Мақсатымыз- білім алу,

Міндетіміз- еңбектену.


Сайыс кезеңдері:

1 кезең:Топты таныстыру. (Топтардың аттарымен , ұранымен, таңбасымен танысу). 2 мин

ТАНЫСТЫРУ РӘСІМІ:

 І. « Тапқырлар » тобы:

Ұраны: Ақыл озбайды,

              Білім тозбайды.

 

ІІ. “Білгірлер” тобы:

Ұраны: Оқусыз білім жоқ,

               Білімсіз күнің жоқ.

 

ІІІ. “Қыран” тобы:

          Ұраны:Қырандай қалықтаймыз,

           Оқудан жалықпаймыз

 

2 кезең: Қай топ шапшаң? Сұрақтарға жауап беру. ( Берілген сұрақтарға жылдам жауап беру, дұрыс қатесіз жауапқа - 5 ұпай беріледі).

І топтың сұрақтары:

1.Зат есім деген не? (Заттың атын білдіретін сөздер зат есім деп аталады)

2. А.Құнанбаев кім?(ақын, жазушы)
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері. (Т.Әубәкіров).

5. Жалқы есімдерді ата.( Кісінің аты-жөні, жер-су аттары, жан-жануарларға қойылған атаулар жалқы есім деп аталады. Жалқы есімдер бас әріптен басталып жазылады: Астана, Айгүл, Ақтау, Құлагер,Ақтөс).

6. Қазақстанның рәміздерін ата. (Ту, елтаңба, әнұран)

7. Қосымшаның неше түрі бар? (2 түрі: жұрнақ пен жалғау)

8. Сұраулы сөйлемге мысал келтір.(Сен мектепке барасың ба?)

9. Зат есімнің жекеше түрі дегеніміз не? (кім? не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі деп атаймыз)  

10. Зат есімнің көпше түріне 2 мысал келтір: (балалар, ағаштар, гүлдер)

ІІ-топтың сұрақтары:

1.  Қазақтың үш биі. (Төле би, Әйтеке би, Қазбек би)
2. Қазақстанның ел басы кім? (Н.Ә.Назарбаев)

3. Әнұранның авторлары кім? (сөзін жазған: Жұмекен Нәжімиденов, Н.Назарбаев. Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов)

4. Зат есімнің жекеше түріне 2 мысал келтір: (оқулық, мұғалім)

5. Жалпы есімдерді ата. (жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есім дейміз: оқушы, кітап, дәптер, қалам)

6. Қазақстанның туының түсі қандай?(Көк, көгілдір)

7. Қосымшаның түрлерін ата.(Жұрнақ пен жалғау)

8. Лепті сөйлемге мысал келтір.(Алақай, мен бүгін бес алдым)

9. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?(Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова)

10. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?(3-ке: қатаң, ұяң, үнді)

 

3 кезең “Жекпе жек” Мына сөзден бірнеше сөз құрап жаз.
(Әр топтың жетекшілері шығып берілген «қазақстандықтар» сөзіне бірнеше сөздер құрайды.)
(қазақ, ас, тақ, тас, тандыр, қазы, тары, арық, ар, ата, қаз, ара, нар, атан, тана, асық, ық, ыс, Қазақстан, тарақ, сандық, сан, қатар, қақ, ат, қасық, ана, зат, атыз, сатқын т.б.)

 4 кезең. «Тапқырлық»
Берілген мақаладағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.

1- топ. Мақалды жалғастыр.

1.Тіл тас жарады,

 тас жармаса ...   (бас жарады).

2.Бал тамған тілден ... (у тамған).

3. Жақсы сөз - ... (жарым ырыс)

4.Шебердің қолы ортақ, шешеннің ...

(тілі ортақ).

5. Жақсы байқап сөйлер, жаман ... (шайқап сөйлер).

6. Тілден артық ... (қазына жоқ).

 2 – топ.  Мақалды жалғастыр.

1.Өнер алды - ... (қызыл тіл).

2. Тіл қылыштан ... (өткір)

3. Жылы-жылы сөйлесең, жылан ...

(інінен шығады).

4.     Басқа пәле - ... (тілден).

5.Тілге құрмет - ... (елге құрмет).

6. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).

5 кезең: Сөзжұмбақ шешу.

1 топ: тапқырлар

 

 

 

 

 

2 топ: білгірлер

3 топ: қыран тобы.

Сөзжұмбақ шешу

 1.Ұлт.
 2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізі.
 3.Көктем мерекесі (ай аты).
 4.Қазақтың ұлы, ақыны.
 5.Космодром.
 6.Қазақстанның астанасы.
 7.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізі.
 8.Қазақстандағы теңіз.
 9.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізі.

Теңіз құсы: шағала


Сабақты қорытындылау.

Сонымен бүгінгі «Қазақ тілінің білгірі» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Жеңімпазда анықталып, сыйлықтар тапсырылады.Мадақтау.

Бағалау. Бағалау парақшасы арқылы бағаланады.

Үйге тапсырма. 144 бет, 3-4 жаттығу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 1.05 Mb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 91

Похожие материалы