Презентация по казахскому языку Қазақтың спорттық ойындары
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Туретаева Жазира Сардаровна
|
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың спорттық ойындары
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік :«Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбы бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыруды жалғастыруы. Оқылым, тыңдалым, айтылым,жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеуі.
2. Дамытушылық : Оқушылардың ойлау, есте сақтау , көру, қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді Қазақ тілінде әңгімелеуге,ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ой қозғау, мағынаны тану, жаттығу, талдау
Сабақтың көрнекілігі: теледидар арқылы презентация,суреттер, ойындар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды түгелдеу
Ә) Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығы
ІІ .Үй тапсырмасын сұрау.
1) 4-тапсырма .
2) Жазбаша үй жұмысын тексеру «Тор» сөзін септеу
ІІІ . Жаңа сабаққа дайындық.
«Ой-қозғау». Теледидардан «Қазақтың ұлттық ойындарының» суреттері көрсетіледі. Оқушылар қандай ойын түрлерін көргенін айтады.
Жаңа сабақ
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар : аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын ,зеректікті , ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар.
Сөздікпен жұмыс
Ұлттық-национальный
Бай –богат
Тәрбие құралы-средство воспитания
Ақыл-ойын толықтырады – расширяет кругозор
Қажет етеді - требует
1-тапсырма.
Қазақ халқы ұлттық ойындарға бай. Ұлттық ойындардың көптеген түрлері бар. Халық ойындары – тәрбие құралы. Олар денені шынықтырады, баланың ақыл- ойын толықтырады.
Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, батылдықты, тапқырлықты қажет етеді.
2-тапсырма.«Үздік аудармашы» стратегия. Мұғаліммен үздік аудармашыны тағайындау
3-тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, септік жалғауларын ажыратыңдар.
4-тапсырма. «Бүркітші» ұлттық спорт түріне қысқаша мәлімет беру.
Бүркіт — батылдықтың, батырлықтың, еркіндіктің, рух биіктігінің символы. Еліміздің туындағы бүркіттің бейнесі азаттықттың, тәуелсіздіктің, тектіліктің, қайраттылықтың айбыны ретінде бейнеленген. Қазақ халқы бүркітті киелі құс санаған. «Бүркіт бір сілкінсе мың пәле кетеді» деп есептейді және бүркіттің бір қауырсынын үзіп алып қасиетті зат санап биікке іліп қояды.
В понятии наших кочевых предков беркут считается символом смелости, мужества, свободы и высоты духа. Образ беркута на флаге нашей страны олицетворяет величие свободы, независимости, знатности, стойкости. У казахского народа беркут является священной птицой. Считается что «беркут отряхнувшись один раз, отгоняет тысячу бед», и перо беркута вешают повыше как священную вещь.
5- тапсырма. «Бүркітші» сөзіне дыбыстық талдау
Ойын: «Бүркітші» . Шарты: Екі бала шығып тақтаның үстіндегі тақияны
аузымен тістеп алу керек.
Суреттер сыры.
Суретке қарап , ойын түрлерін ажыратып айтады.
Сабақты қорытындылау. Балаларды бағалау.
Үйге тапсырма
Мәтінді мазмұндау, Асық- тәуелдеу
Тип материала: | Архив RAR (rar) |
---|---|
Размер: | 2.24 Mb |
Количество скачиваний: | 3 |