Презентация по казахскому языку на тему "Қаздар қайтып барады" (8 класс)
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Жалгасбек Гулжан Жалгасбеккызы
|
Байтас қарттың туған жерінен жырақта болуының себебі неде деп ойлайсыздар?
Бұл – аштық. Үлкен мен кішіні, кәрі мен жасты бірдей қырған қасірет. Қазақ даласында 1921-1922 жылдары ғаламат аштық болған. Сол аштық жылдарынан жеткен бір жазбада: «Ит пен мысықты ұрлап, сойып жеу, шын мәнінде, індетке айналды. Осынау «бір кесім ет үшін» бірінің жағасын бірі жыртқандар жыртылып айырылды. Қу құлқыны үшін, бір хайуанның соңынан бірнеше адам жүгіріп бара жатады. Қалайда тірі қалудың қамын жасап, жанталасқан әлгі адамның өмірге құштарлығын түсіну үшін оның қуып жүрген хайуанды ұстаған кезіндегі қуанышын көрсеңіз ғой, аштықтың қасіретті сайқымазағын сонда түсінесіз». Міне, дәл осындай көріністер жайлы Орал губерниясындағы Елек аудандық аштарға көмек комитетінің 1922 жылғы 14 қаңтарындағы есебінде: «Кешке жақын көшеге шығу қорқынышты, адамдарды, әсіресе толық адамдарды аң сияқты аулауға шығатындар бар. Аштар өлгендердің етін жеп жатыр» – деп жазылған. Міне, осы аштық заманында жүрек жалғар дән іздеген бір топ халық бытырап, даланы кезіп кетті. Солардың бірі – бүгін біз сөз етіп отырған Байтас қарттың ата-бабасы болуы әбден мүмкін. Себебі жазушы шығармасында тарихи оқиғаны негізге алған. Қабдеш ағамыздың ең басты мақсаты – өз шығармасындағы кейіпкердің арманына жетіп, атамекеніне, кіндік қаны тамған жерге оралуы екен. Ендеше, жазушы мақсатына жетті.
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 1.05 Mb |
Количество скачиваний: | 21 |