Презентация по казахскому языку на тему "Менің киімдерім" (5 сынып)

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Презентации
Автор:

Сабақтың тақырыбы:

Қайталау сабағы. Менің киімдерім

Сабақтың мақсаты:

1.Білімдік: тақырып бойынша білімдерін толықтыра түсу, білімдерін жүйелеу. Сөздік қорларын молайту;

2. Дамытушылық: оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту.Сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін шыңдау, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту;

3.Тәрбиелік: өз киімдері мен заттарына ұқыптылықпен қарауға, тазалыққа баулу. Адамгершілік ізгі қасиеттерге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Тақырып бойынша алған білімдерін жүйелеу. Өткен сабақпен байланысы: тәуелдік жалғауының түрлері

Сабақ түрі:

дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың әдісі:

сыни тұрғысынан ойлау, диалог

Пәнаралық байланыс

өзін-өзітану, этнопедагогика, орыс тілі, қазақ әдебиеті

Көрнекілігі:

жұлдызшалар, тақта, магнитафон, бағалау парақшалары

Уақыты

Жұмыстың түрі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасын құру- шаттық шеңберін жасай отырып, оқушылар өздерінің сабақ алдындағы көңіл- күйле-рін бір сөзбен айтады.

Оқушының сабаққа ынтасы артып, қызығушылығы оя-нады.

10 минут

Қызығушылығын ояту

Мазайкалық ойын - яғни кесінді қағаздарды біріктіру арқылы оқушылар топтарға біріктіріледі.Бүкіл сыныптың жұмысы:Блиц- турнир

Бұл ненің суреті?

Оларды не деп атаймыз? – сұрағын қою арқылы оқушыларды ойналдырады

Мұғалім сұрақтарды топтарға оқиды, бағалап отырады.
Жұлдызшалар арқылы бағалап отырады

Топтарға бөлінген оқушыларға сұрақ- жауап жүргізіледі

Оқушылар мұқият тыңдайды
Мазайкалық түрде берілген суреттерді құрастырған оқушылар, қойылған сұраққа жауап береді

8 минут

15минут

Негізгі бөлім

Сабақтың құпиялылығы кезеңінде оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын табады.

А)Қоянның тапсырмасы:Қол...ап
К...рте
Ж...йде
Ш...лбар
Т...н
Қ...лақшын
К...йлек
Ә) Аюдың тапсырмасы:шашылған жемістерін себеттерге салу, жинау
Б) Қасқырдың тапсырмасы:
В) Түлкінің тапсырмасы: адасқан сөздерді дұрыс орналастыра отырып, сөйлемдер құрап айту
Менің, бұл, киім, шкафым
Бар, онда, киімдерім, менің
Костюм, тон, жейде, етіктерім,
және, олар,туфлилерім
Таза, мен , ұстаймын,
киімдерімді

Дұрыс сөз тіркестерін құрау, аудару керектігін түсіндіреді
Берілген сөз тіркестерін пайдалана отырып, сөйлемдер құрастыру керектігін айтады
Г) Тазша баланың қонаққа келуі
Адамның сәнi,
Онсыз жоқ мәнi.
(Киiм-Одежда)
Дорбаға тығып, бас бағын,
Байлай салдым қос жағын. (Тымақ-Шапка)
Iшi – егiс,
Сырты – тегiс.
(Тон-Шуба)
Ерте тұрдым да,
Қос жолға түстiм.
(Шалбар-Брюки)
Қолы бар,
Саусағы жоқ.
Мойны бар,
Басы жоқ. (Көйлек-Платье)
Күндiз
Таяғымды қаптаймын,
Түнде
Босағаға тастаймын.
(Аяқ киiм-Обувь)
Есiгi бiреу,
Бөлмесi бесеу.
(Қолқап-Перчатки)

Сурет жұмбақты таратады, бағыт береді

Оқушылар өз білімдерін ортаға салады.

«Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерін еске түсіру, бауырсаққа көмекке келу

Бағалау парақшаларын толтыру

Оқушының аты- жөні Жұлдызша саны Топтың саны Бағасы
Суретжұмбақты шешеді

Кейіпкерлерін атап шығады

Тиісті әріптерді тауып жазады

Себеттерге сөз тіркестерін салады

Парақшалардағы сөз тіркестерін пайдалана отырып, сөйлемдер құрап жазады

Тапсырманы мұқият тыңдап, дұрыс сөйлемдер құрауға талпынады

Жұмбақтарды шешіп, жауабын үш тілде айтады

Көңіл-күйді бейнелейтін смайликтерді көрсету

5минут

Қорытынды

Нені білдік?
Нені білетінбіз?
Нені білгіміз келеді?

Кері байланыс орнату

Білімдерін бекітеді.


Кері байланыс

3минут

Бағалау

Смайликтерді тарату

2 минут

Үйге тапсырма

Жаттығу жұмысы.

Келер сабақ бойынша тапсырма беру

Дауысты дыбыстан өткендерін бекітеді

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 4.2 Mb
Количество скачиваний: 24
Просмотров: 233

Похожие материалы