Презентация по казахскому языку на тему "Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу." (5 класс)

Предмет: Информатика
Категория материала: Презентации
Автор:

Пәні: Информатика

Сыныбы: 5 «В»

Күні: 31.01.2015 жыл

Уақыты: ІІ ауысым, 4 сабақ

Сағат: 1615

Сабақтың тақырыбы

Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу.

Сілтеме

Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов. Информатика,

5 сынып. «Арман-ПВ» баспасы, 2013 жыл

Жалпы мақсаты

üWordPad мәтіндік редакторында мәтіннің үзіндісін ерекшелеуді, абзацты пішімдеуді үйрету және қаріптің түрлерін үйрету;

üӨз ойын еркін айтуға, өзара бағалауға машықтану.

Міндеттері

üОқыту – мәтіннің үзіндісін ерекшелеуді, абзацты пішімдеуді және қаріпті қолданудың жолдарын практика жүзінде қолдану машықтарын нығайту;

üДамытушылық – өз ойын еркін жеткізе білуін және ой-өрісін дамыту;

üТәрбиелік – ұжымда, топта, жұпта жұмыс істеуге тәрбиелеу. Оқушыларды өзін-өзі басқаруға, өз мүмкіндігіне сенуге, салауаттылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

üМәтіннің үзіндісін ерекшелеуді, абзацты пішімдеуді үйренеді;

üҚаріп түрлерін қолдануды меңгереді.

Негізгі идеялар

  • WordPad мәтіндік редакторында мәтіннің үзіндісін ерекшелеумен, абзацты пішімдеумен жұмыс жасай алады және қаріптің түрлерін ажырата алады.

Тапсырмалар /Wiki материалдары/

Visual Basic бағдарламасымен жасалған тест, кеспе қағаздарға дайындалған кеңейтілген тапсырмалар.

Сабақтың түрі

Жаңа білім меңгеру

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Уақыты

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Кіріспе

1 минут

1 минут

1 минут

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі

üСәлемдесу, оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу;

üОқушыларды түгендеу.

Топқа бөлу

«Крестиктер-нөлдіктер» әдісі

«Абзац» тобы

«Қаріп» тобы

Әр топ өздеріне топ басшы, спикер, дизайнер, хатшы, т/бақылдасып сайлайды.

Әр оқушы бағалау парағына өз ұпайларын қойып отыру керек.

«Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру» әдісі

Видео ролик көрсетіледі.

Мұғалім түсіндіріп айтады.

Үй тапсырмасын тексеру

«Жабық тест»

Visual Basic бағдарламасымен жазылған, 10 сұрақтан құралған тест беріледі.

üЖеке жұмыс

Бағалау «Бағдаршам»

Әр оқушыға өз-өзін бағалау парақшасы беріледі.

üМұғаліммен сәлемдеседі;

üЖоқ оқушыларды мұғалімге ескертеді;

üСабаққа назар аударады.

Слайдта көрсетілген ұяшықты ашу арқылы қай топқа баратынын біледі.

Оқушылар тыңдайды, ой бөліседі;

Оқушылар өткен сабақ бойынша компьютермен тест тапсырады.

Оқушылар алған бағасын бағалау парақшасына түсіреді және бағдаршам арқылы алған бағаларын мұғалімге көрсетеді.

Тұсаукесер

1 минут

«Ойлан, тап!»

-2 топқа екі түрлі ребус беріледі;

-Сөйлемді тауып біріктіргенде бүгінгі күннің тақырыбы шығады.

üОқушылар ребусты топпен бірігіп шешеді;

üТақырыпты, бүгінгі сабақтың мақсатын айқындайды.

üДәптерге жаңа тақырыпты жазады.

Негізгі бөлім

4 минут

4 минут

9 минут

2 минут

2 минут

8 минут

«ДЖИГСО» әдісі

Әр топқа мазмұны бірдей мәтін беріледі (оқулықпен жұмыс)

«Қаріп» тобына – 163-164 және 171 бет аралығы, ал «Абзац» тобына 174, 175, 176 бет аралығы

üЖеке жұмыс;

üЖұппен жұмыс;

üТоптық жұмыс

Бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Сергіту сәті

Интерктивті тақтада жаттығу туралы видеоролик көрсетіледі.

«Кеңейтілген тапсырмалар»

А деңгейі

В деңгейі

С деңгейі

üЖеке жұмыс

Бағалау

«Өзін-өзі бағалу»

Тапсырманы қатемен орындаған оқушыны байқау, жазып алу.

А, В, С кеңейтілген тапсырмаларын бітірген оқушыларды байқау.

üОқушылар берілген мәтінді әрқайсысы жеке-жеке оқиды;

üӘр топтан бір оқушы келесі топқа барып өз тақырыбы бойынша түсінігін айтады. Екінші бір топқа кеткен оқушы, қайтадан өз тобына келеді. Өз тобының оқушылары келесі бір топтың тақырыбын түсіндіреді;

üТоппен бірігіп талқылайды. Постер қорғайды.

Әр топ келесі топты бағалайды;

Екі ұнамды жағын айтады және бір тілек білдіреді.

Оқушылар видероликте көрсетілген жаттығуларды қайталап орындайды.

Оқушылар жеке жұмысты компьютерге орындайды.

Әр оқушы өзінің бағалау парақшасына бағасын түсіреді және мұғалімге бағдаршам арқылы бағасын көрсетеді.

Қорытынды

2 минут

Табыс критерийі

Тақтаға 2 смайлик қойылады.

Бағаларды хабарлау.

Оқушылардың ұпайын есептеп, бағалайды. Тақтаға бағлау шкаласына түсіру.

Үйге тапсырма

21-22-23 тақырыптар, «Өзіңді тексер» тапсырмасы,«Информатика нені зерттейді?» тақырыбына шағын эссе жазып келу (компьютермен жұмыс).

Тақырыпты жақсы меңгерсе, көңіл күйі жақсы смайликке стикер қойылады, орташа деңгейде меңгерсе, көңілсіз смайликке қойылады.

Оқушылар жинаған ұпай санын санап мұғалімге айтады.

Берілген тапсырмаларды дәптерге түсіреді.

Тақырыпты оқып, «Өзіңді тексер» тесттерін орындап келеді.

«Информатика нені зерттейді?» тақырыбында компьютермен шағын эссе жазып келеді.

Сабақтың жабдықтары

Мультимедия, интерактивті тақта, дербес компьютерлер, слайд, бағалау шкаласы, бағлау парақшалары, бағдаршамдар, плакаттар, маркерлер, жаңа сабаққа байланысты фотолар, халаттар.






Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 4.17 Mb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 236

Похожие материалы