Презентация по казахскому языку "Заңды білу - заман талабы" (10 класс)
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Кенжегалиева Гаухар Амангелдиева
|
Біздің президентіміз Н.Ә. Назарбаев 1991 жылы 1-желтоқсанда Қазақстан Республикасы президенті болып сайланды.Бірінші конституциямыз 1993 жылы 28 қаңтарда қолданысқа енді.Қазіргі қолданып жүрген Ата Заңымыз 1995 ж. 30-тамызда өткізілген бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы — конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірген Ата Заң, яғни мемлекетіміздің Негізгі Заңы болып табылады. Ол кіріспеден және 9 бөлімнен 98 баптан тұрады.
Тәуелсіз Қазақстан туралы видео ролик
1- тапсырма «Постер қорғау»
І- топ «ҚР Конституциясы»
ІІ-топ «Жеті жарғы»
Екі топ бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» стиктер арқылы бағалау
2- тапсырма «Пікір сайыс»
І- топ «Президент міндеті»
ІІ-топ «Ханның қызметі»
Қол шапалақтау арқылы бағалау
3- тапсырма Рөлдік ойын
І-топ «Президент сайлау алды дайындық»
ІІ-топ «Ханды сайлау»
Смаилинг жапсыру
4- тасырма Жағдаяттар сұрақтар
І-топ
І. Қайрат жұмысы ауысып басқа қалаға уақытша көшуге тура келді. Сол жақтан үкіметтен жер алып үй сала бастады. Бір күні бір адам өз еркімен мына жер менікі мен бұл жерге үй салуым керек деп айтты. Сені сотқа беремін деп кетіп қалды.
Заң: ҚР Конституциясы Адам және азамат бөлімінің 25-бабы.
1. Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Тұрғын үйге басып кіруге. Оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.
ІІ. Сенбілікте жүрген мектеп оқушылары қоқыс таситын зат таба алмай мектеп алдында ілініп тұрған туды жерге жайып қоқыс салып тасып жүр екен. Оны мұғалімі көріп не айтты
Заң: ҚР Конституциясының «Адам және Азамат» тарауы 34- бап
1. Әркім ҚР Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір қасиетін құрметтеуге міндетті.
2.Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.
ІІІ. ҚР Президенті өкілді органның депутаты, кәсіпкерлік қызметті жасауға құқығы бар ма?
Заң: ҚР Конституциясының «Президент» тарауы 43- бап.
1. ҚР Пезидентінің өкілді органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
ІІ- топ
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 1.55 Mb |
Количество скачиваний: | 267 |