Презентация по казахской литературе на тему "Мухтар Ауезов"
Предмет:
Классному руководителю
Категория материала:
Презентации
Автор:
Турганова Гузель Касимжановна
Здесь была ссылка на работу Презентация по казахской литературе на тему "Мухтар Ауезов" автора Турганова Гузель Касимжановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Әкесі Омархан, атасы Әуез – бала тәрбиесіне салғырт қарамайтын, сауатты, сарабдал адамдар болған. Абаймен көңілдес, ауылдары іргелес болған. Осының өзі Мұхтардың бүкіл өмірінде шешуші рөл атқарған. Бала Мұхтардың алғашқы сауаты Әуез атасы ұсынған Мүрсейіт қолжазбасындағы Абай өлендерімен ашылған екен. 2. 11 жасында әкесі қайтыс болады да, Мұхтар Семейдегі немере ағасы Қасымбектің тәрбиесіне көшеді. 5 жылдық орыс гимназиясына түседі. 3. 1914 жылы мұғалімдер даярлайтын семинарияға түседі. Орыс тілінен сабақ берген Василий Попов бұл туралы былай депті: «Алдынғы партада отыратын 18 жасар сыпайы, сұлу жас қазақтың денесі сыптай түзу, киімі тап- таза, қою шашы қап-қара, қоңырқай жүзі байсалды, маңғаз, көзінде ақыл тұнып тұр. Қадір-қасиеті өз ортасынан өзгеше бөлек осы жігіт орысшаға өте – мөте жетік, ал эрудициясына бәріміз таң қалатынбыз. ». 1922 жылы Ташкент мемлекеттік университетіне түседі. 5. Бір жылдан соң Ленинградқа ауысып, 1928 жылы сондағы университеттің филология факультетін бітіреді. 6. 1930 жылы Ташкенттегі Орта Азия университетінің аспирантурасын бітіріп шығады. Әуезовтің өте талантты болуы да осы мол білімінің нәтижесі екенінде сөз жоқ. Мұхтар Әуезов әдеби-шығармашылық еңбекпен ерте айналысқан. Оған әрине, тума қабілеті, өмірлік тәжірибесі, мол білімі әсер еткен.