Презентация по казахской литературе на тему "Шакарим Кудайбердыулы"

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Презентации
Автор:

Сабаққа жалпы сипаттама

  Жаратылыстану- математика бағытындағы 10-сыныпта  Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына 6 сағат берілген. Сабақ жоспары панорамалық сабақ үлгісінде презентацияланған. Ол модульдік оқыту технологиясына негізделген. 1- сабақта ақын өмірі мен шығармашылығына шолу жасалады. 2-3- сабақтарда ақын өлеңдері, поэмалары, аудармалары талданады. Сабақта қолданылған материалдар «Аңыз адам» журналынан алынған. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті өкілі – Шәкәрім Құдайбердіұлы. Ол ақын , прозашы, аудармашы, философ, тарихшы ретінде артына мол көркем мұра қалдырды. Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы 11 шілдеде Шыңғыс тауы бөктерінде қазіргі Семей облысының Абай ауданында туған. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен  бәйбішесі Күңкеден туған. Шәкәрім олардың немересі, яғни Абайдың немере інісі

            Шәкәрім өмірінің біраз жайы өз шығармаларында,әсіресе, «Мұтылғанның өмірі» деген поэмасында жазылған.

Бесігімде ау білсін деп,

Ата-анам берді сабаққа.

Жеті жаста жетім боп

Түскендей болдым абаққа.

Ардақты кенже жетім деп.

Әлпештеді мені көп,

Надандыққа болды деп

Қақпай ешкім қабаққа,- деп бастайды ақын осы өлеңім.  Шәкәрім «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресінде» былай деп жазды. «Мен пақыр өз әкем өлген соң ұлық атамыз хажы марқұмның тәрбиесінде қалсам да, бұрыннан ауылымыз, қыстауымыз бөлек болғанда хажы марқұм мені  «жетім» деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау қылып, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім. Әйтсе де түркі танып, орысша хат танып қалдым. «Шәкәрім біраз уақыт жастық қызығына түсіп, ойын – сауыққа, серілікке үйір болған, домбыра, гармонь тартатын өнері де бар, саяттық да қызықтырған.

            Абайдың басшылығы мен ағалық ақылының арасында арнайы білім алмасам да, өз бетінше көп ізденіп оқып, өз заманындағы  ойшыл азаматтардың бірі болды.  Араб, парсы, түрік тілдерін жетік білу арқылы ол Шығыстың класикалық поэзиясынан нәр алды. Сондай-ақ орыстың ұлы ақыны –жазушылары  А.С.Пушкиннің, Л.Н.Толстойдың шығармаларын қазақ тілінде аударуы Шәкәрімнің жан-жақты білімдар екендігін де танытты. Ел, жер тану мақсатында ол 1905-1906 жылдары меккеге барып, бұл сапарынан олжалы қайтады. Ыстамбұл кітапханаларында отырып жұмыс істеп, Шығыс, Батыс ғалымдарының шығармаларымен танысады.

            Ойшыл ақын оңаша толғанып, өлең жазып, өмірдегі, айналасындағы болып жатқан әр қилы құбылыстар мен өзгерістерді бағдарлап саралау үшін 1909-1910 жылдары Шыңғыстау өңіріндегі Шақпақ деген жерден сая табады. Көптеген шығармаларын ақын осы кезде жазады.

            Шәкәрімнің ел ішінен бойын аулақ салып, оңаша өмір сүруін әркім әр түрлі түсінеді. «Кейбіреу безді дейді елден мені» атты өлеңімді:

Мен кеттім, сендер елде қойдың қалып,

Ешкімнен кеткенім жоқ малын алып.

Елу бес жыл жинаған қазынамды,

Оңашада қорытпай ойға салып,- деп, ақын өзіне таңылған жалған жаланың басын ашады.

            1917 жылы дүбірлі кезеңді Шәкәрім әділет жолы деп ұғып, ел ішіне оралып халқымен бірге болуға бекінеді. Елдегі жаңалықтарды жырға қосып, заман жаңғыруынан үлкен үміт күткен ақын  осы рухтағы көптеген мақалаларын баспасөз беттерінде жариялайды.

            Шәкәрім өмірінің соңғы кезінде оңаша тірлікке  қайта бой ұрып, бұрынғы саят қорасына қайта оралады. Алайда қазақ елін жайлаған асыра сілтеу құрығына ақын да ілігіп, 1931 жылы 2 қазан күні мемлекеттік саяси басқармасының  өкілдері ақынды оңаша, үйінен ауданға бара жатқан жерінде, жол үстінде атып өлтіреді. Ақынға «қарулы бандылар тобымен байланысты» деген ойдан шығарылған айып тағылады. Сөйтіп, ол 73 жасында қастандық құрбаны болды.

            1958 жылы ССРО-ның бас прокуроры Шәкәрімді толық ақтады.

Онда Ш.Құдайбердіұлы атына кір келтірер деректер жоқтығын, тазалығын растаған ресми мәліметке қарамастан, оның аты мен шығармаларын халыққа қайтаруға тағы да кедергілер кездесті. Бірақ, халық оны ешуақытта ұмытқан емес.

 Семинар сабақта оқушылардың ізденіс, зерттеу жұмыстары тыңдалады. Соңғы сабақта өтілген материалдарды жинақтау, жүйелеу мақсатында  «Үздік Шәкәрімтанушы» сайысы өткізіледі. Үздік Шәкәрімтанушы сайысының материалдары бөлек презентацияланған.

      Шәкәрім Құдайбердіұлы, Абайдан соңғы Дешті-Қыпшақтың ең көрнекті тұлғасы, ұлы ақыны, ғұлама ойшылы қайталанбас сазгері, озық аудармашы һәм қоғам қайраткері Шәкәрімнің мол әдеби мұрасынан өзгеше мәдениет, кең өріс, бедерлі өрнек танимыз. Ақын өлеңдерінде, поэмаларында, философиялық ой-толғауларында бір пердеге ғана емес, бүкіл адамзатқа тән сырлы мұң бар. Бір қаламгерге  емес, бар ойшылға тән қашырық – қайғы бар. Бұл өлең өрісін, өнер биігін айқынатып биік меже. Бұл аздық  туған тілімізде, ұлттық әдебиетімізде Абайдан соң ғана мүмкін болған биік жетістік. Шәкәрім  Абайдан соңғы ең көрнекті тұлға. Ақынның шалқар дүние – танымы, нұрлы жаны, талантты тебіренісі, өзгеше бітімі, биік  мақсаты, ақыл-ой тереңдігі қазақ халқының арылмайтын рухани биігі болып қала бермек.

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 2.37 Mb
Количество скачиваний: 101
Просмотров: 192

Похожие материалы