5 А сынып
Ескендирова Ажар Иманжановна
Сабақ тақырыбы
Бөлінгіштік белгілеріне есептер шығару
Сілтеме
Мерсер мен Литлтон /2007/ ,Александер /2001,2008/ еңбектері, интернет желісі
Оқыту нәтижелері
-Бөлінгіштік белгілерін қолданып есептер шығара алады. Негізгі білімдерін жинақтау, саралау
-Диалогтік әдістің тиімділігін арттыру;
-Өзін-өзі бағалауға сенімді болу
Негізгі мақсаттар
1. Білімділік: 2, 3, 5, 9 және 10 сандарына бөлінгіштік белгілерінің тұжырымдамасын қолданып есептер шығара білу , бөлінгіштік белгілері жөнінде алған білімдерін тереңдету.
2. Дамытушылық: Ой - өрісін дамыту, ойлау қабілетін дамыту, теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
3. Тәрбиелілік: Шапшаңдыққа, іздемпаздыққа, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, ұжымдық ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі:
Жеке жұмыстар, слайд Microsoft PowerPoint, тілме қағаздар
Сабақ түрі:
топтық және ұжымдық
Сабақты өту әдісі
аралас
Ұйымдастыру кезеңі
J
Топқа бөліну: Үш түсті асықтар бойынша үш топқа бөліну. 18 асық +1асық алтын.
Ол ерекше асық оның иесі қай топқа барғысы келетінін өзі таңдауға мүмкіндігі бар және бақылаушы болады. Сабақ соңында ең жақсы жұмыс жасағын топты анықтайды.
Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру
Бағалау парағы беріледі
Үй тапсырмасын тексеру
№ 233 №176км
№234 1) 2
2) 8
Оқушының іс-әрекеті
Өз-ара бағалау
есепті шешіп әр жұп бір-бірінің шешкен есебін тексереді