Презентация по математике на тему "Тең бөліктерге бөлу"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Презентации
Автор:

Сабақтың тақырыбы: «Тең бөліктерге бөлу.Практикалық есептер шығару.»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: бөлу амалының мән-мағынасын ашатын есептермен таныстыру.

Дамытушылығы: логикалық ой-өрісін,есте сақтау,танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: адамгершілікке, шапшаңдыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сөздік,көрнекілік,практикалық.

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Үй тапсырмасын тексеру

Ой қозғау

Мадагаскар мультфильмін білеміз бе?

Математика сабағында сол мультфильмдегі кейіпкерлермен саяхатқа шығамыз.

Олар саяхатқа шығу үшін оларға кеме керек. Егер сендер тапсырманы орындасаңдар кемені алуға көмектесесіңдер.

1-тапсырма:

Жұмбақты шеш

Өмірің сенің қызық,
Жолында жоқ түзу сызық,
Басы да жоқ аяғы.
Бір айналым баяғы. (дөңгелек)

Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым,
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды, қолда бары? ( 6 )

Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазылып тұр бойында. ( сызғыш )

Кемені алып, саяхатшылар мұхитқа шығады.Бірнеше күн өткенде олардың алдынан үлкен тау шығады.Осы тауға кемені соғып алмай өту керек.Оларға сендер көмектесе аласындар.Ол үшін №1 тапсырманы орындау керек.

№1 тапсырма:

а) 6 алманы 2 тәрелкеге тең бөліп сал.Әр тәрелкеге неше алмадан салынады?

Жауабы: 3 алмадан салынады.

ә) 6 алманы 3 тәрелкеге тең бөліп сал.Әр тәрелкеге неше алмадан салынады?

Жауабы: 2 алмадан салынады.

Оқушылардың пікірін тыңдау.Алмаларды теңдей қалай бөлетінін қарастыру.Нәтижесінде тең етіп бөлуіне қорытынды жасау.

Ал,саяхатшыларымызды дүрбімен қарап көрейік.Жоқ олар әлі де тауды айналып өтпепті.Олай болса 2 тапсырманы орындайық.

№2 тапсырма:

а) 8 шие 4 тәтті нанға тең бөлінеді.Әр тәтті нанға неше шиеден қойылады?

Жауабы: әр тәтті нанда 2 шиеден.

ә) Мектеп асханасында 10 тәтті тоқашты 2 ыдысқа тең бөліп салды. Әр ыдысқа неше тоқаштан салынды?

Жауабы: әр ыдысқа 5 тоқаштан салынды.

Міне,олар мұхитта одан әрі жүзіп келеді.Олар енді «Есептеу» аралына келеді.Олар мына тапсырманы орындаулары керек.

№3 тапсырма:

№3 тапсырма:

5 жүзд. 3 онд.= 5м 2дм =

4 жүзд. 8 онд.= 3м 7дм 1см =

8 жүзд. 9 онд.= 9м 9дм =

2 жүзд. 8 онд.= 8м 5дм 4см =

74онд. = 2жүзд. 3 онд.7бірл. =

8жүзд. 6 бірл. = 3жүзд. 2бірл. =

Тапсырманы орындап,олар одан әрі жүзіп кетеді. Бір кезде олар «Жемістер» аралына келеді. Жемістерді оңай таба алмайды.Оларға сендердің көмектерің қажет.Ол үшін №4 тапсырманы орындау керек.

№4 тапсырма:

Есепті сандық деректермен толықтыр және оны шығар: Кітапхананың бірінші сөресінде 10 кітап, екіншісінде 20 кітап, ал үшіншісінде 30 кітап жинаулы тұр.Балалар 40 кітапты алды. Сөреде неше кітап қалды?

Бірінші сөреде – 10к

Екінші сөреде – 20к

Үшінші сөреде – 30к

Алды -40 к

Қалды -? кітап

Шешуі: (10+20+30)-40=20(к)

Жауыбы: сөреде 20 кітап қалды.

Сөйтсе олар «Жемістер» аралына емес «Өрмекшілер» аралына келген екен.Олардан оңай құтылу үшін,саусақ жаттығуын орындайық.

Сергіту сәті.

Өрмекші әуені ойналады.Оқушылар саусақ жаттығуын жасайды.

Олар одан әрі жүзіп «Жемістер» аралына келеді. Жемістерді оңай таба алмайды.Оларға сендердің көмектерің қажет.Ол үшін №7 тапсырманы орындау керек.

№7 тапсырма:
« + » немесе « - » амалдарының бірін қойып теңдікті теңестір:

270 30 70 = 170 270 30 70 = 370


270 30 70 = 230 270 30 70 = 310

М:Жақсы балалар.Саяхатта неше саяхатшы жүргенін білесіңдер ме?

О: 7саяхатшы.

М: олай болса 7 саны қандай сан.Оған қатысты не білесіңдер?

О: 7қарақшы,7ата ....

Бекіту:

Олар одан әрі жүзіп «Тор» аралына келеді.Торға түсіп қалмай өз елдеріне қайту үшін, 8 тап- сырманы орындау керек.Оған сендердің көмектерің қажет.

М: Жарайсыңдар балалар.Саяхатшылардың сендерге деген алғыстары шексіз.Барлық тапсырманы орындап,саяхатшыларға көмек бердіңдер.

Мадагаскар мультфильмінен үзінді көрсету

Үйге тапсырма: №5

Бағалау

Сабаққа қатысып,тапсырманы орындап отырған оқушыларды бағалау.

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 24.97 Mb
Количество скачиваний: 4
Просмотров: 155

Похожие материалы