Презентация по начальному класу на тему"Экология"
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Оразбаева Гаухар Нуржановна
|
Экология өмірдің соғып тұрған жүрегі
•№49 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп гимназия
•Бастауыш сынып мұғалімі:Оразбаева Гаухар Нуржанқызы
•Мақсаты: Ойлау қабілетін, жалпы дүниетанымын, ғылыми көзқарасын дамыта отырып, өз елінің қамын ойлайтын, табиғат байлығын көз қарашығындай қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу.
Керекті құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер:
Тапсырмасы бар үлестірме қағаздар, топтардың аттары жазылған көрсеткіштер, фламастер, ақ қағаз, «Қазақстанның байлықтары», «Арал тағдыры», «Семей полигоны» видеофильмдерінен үзіліс, «Қазақстан қорықтары» суреттері, «Қ.Сәтбаевтің суреті», видеотаспа және т.б
Өткізу әдісі: әңгімелеу,сұрақ – жауап , жарысу, өлең оқу, ойыншық жасау, есептеу әдістері .
Тәрбие сағатының жоспары:
1.Ұйымдастыру
2.Негізгі кезең3.Қорытындылау
1.Ұйымдастыру кезеңі.
•Тәрбие сағатының жүру барысымен және мақсатымен таныстыру. Оқушыларды төрт топқа бөліп отырғызу. Оқушылардың ішінен 3 оқушыдан тұратын «Эксперт» тобын құрып, олардыңміндеттерін түсіндіру. Қалған оқушыларды басқа топтарға бөлу. Ол үшін оқушыларға ақын, жазушы, жыршылардың суреттері, калькулятор, шот, компьтердің суреттері және қайшы, желім, жіп, ине салынған суреттер көрсетіледі. Оқушылар өздеріне ұнағансуреттерді таңдайды, соған байланысты топтарға бөлінеді: «Шығармашыл» , «Үнемшіл» , «Өнер» топтарына бөлініп отырады.
•1. «Танысу» аялдамасы. Глобусты бір – біріне бергенде өзінің аты – жөнін және немен айналысатынын айтып, келесі оқушыға береді. Глобусты ұстапайтуды мұғалім өзінен бастайды. Сол кезде «Эксперт» тобы оқушылардың Жер шарын қалай ұстағанға мән береді. Глобус мұғалімге қайтып келгенде, «Біз жерде өмір сүреміз. Бәріміз ата- ана үшін, оқу үшін, болашақ үшін жауап береміз, ал Жер үшін жауапкершілікті сезінеміз бе? Оның өсімдігімен, топырағымен, ауасымен, қалаларымен не болып жатқанын білеміз бе? Әркім осы жерде өзінің ізін қалдырады. Сендер әлі оқушысыңдар, болашақта Қазақстанның белгілі де, білімді азаматы болсаңдар сендердеЖерге іздеріңді қалдырасыңдар. Мысалы қазақтың қара тасын құрметтеген Қаныш ИмантайұлыСәтбаев өз ізінқалдырды. Ол адамның орасан еңбегі үшін, 1976 жылғы маусым айындаашылған«№ 2402 кішіпланетаға» атыберілді. «Сәтбаев» планетасынәрдайым Торпақ жұлдызынан көріп отыруға болады» - дей отырыпол «Эксперт»тобына сөз береді. Бұл топ өздерінің байқағандарын айтады.
«Фотостудио»аялдамасына келеді.
«Қазақстанның байлықтары» суреттерінкөру.
3. «Ой шақыру» аялдамасы
•«Қазақстанның байлықтары» суреттерін көріп, оқушылар Қазақстанның байлықтарын айта келіп, оны өндірудегі табиғатқа зиян келтіретін екінші жақтарын көрсетеді.
• « Тіршілікті дұрыс иемденбеу неге әкелді?»
• «Адамзаттың әдейі жасалған қастандықтарының соңы неге әкеп соқтырды?» - деген сұрақтарға жауап беріп,ой қозғайды.
4. «Қасірет» аялдамасы. «Арал тағдыры», «Семей полигоны» видеофильмдерінен үзіліс көрсетіледі.
•«Арал тағдыры»суреттерінен қандай ой түйдіңдер?
•Жалпытіршіліктің пайдасы мен қажеттілігін, дұрыс пайдаланудыңадам өміріне деген маңыздылығының қаншалықты екендігін атап көрсету.
• «Шығармашыл», «Өнер», «Үнемшіл » топтарының тапсырмаларын беру.
•«Шығармашыл» тобына тақпақтарды беріп, мәнерлеп оқуды, аңыз әңгімені өз ойларын жетілдіріп аяқтаудыжәне осы бағытбойыншақандай ой түйгенін білу.
•«Өнер» тобына өсімдіктердің ,жануарлардың қалдық заттарды беріп, ойыншықтар жасауды ұсынып, жасалған заттарын бейнелеп , себептері менмақсаттарына көңіл бөліп сұрау.
•«Үнемшіл» тобынажанұяның бір күнгі үйден шығатын қоқыстарын есептетіп, олардың қалай азайтуға болатынжолдарын сұрау, қандай ұсыныстары бар екенін біліп халыққа жарамдылығын көрсететіндей жаңалықтарын білуге тапсырмалар беру. Қазақстанның экологиясын бүлдірмеу үшінқандай ұсыныстарды шешім ретінде қабылдайтындығынбілу.
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 16.15 Mb |
Количество скачиваний: | 8 |