Презентация по обществознанию "Мукагали Макатаев"

Предмет: Обществознание
Категория материала: Презентации
Автор:

3) 25 сұрақ жуықталып, бүкіл математика пәнінің бағдарламалық материалы қамтылады. Есеп шығару барысында білім деңгейінің пайдалану шеңбері кеңейе түседі. Басқа пәндерді білмеймін математика пәнінен жаттап алып есеп шығарады деп ойламаймын. Математика пәнінен тест тапсырмаларына дайындалу талапкер білімін тиянақтап нақтылайды, шапшаң есептеуге үйретеді, оқушының ой - өрісін дамытады. Демек, ойлай білген адам сөйлей де біледі. Енді бір ойландыратын нәрсені айта кетейін, жаратылыстану – математика бағытында оқитын оқушылар мен гуманитарлық бағытта оқитын оқушылардың тесте берілетін тапсырмаларының деңгейі бірдей, ал бағдарламасы мен оқулықтары бірдей емес. Сондықтан тест тапсырмаларының деңгейі екі түрлі оқу бағдарламаларына сәйкес дайындалса екен. Ендігі нәрсе жаратылыстану пәндері ( математика, физика, химия) бойынша қойылатын ˝5˝ деген бағаға қойылатын талап, басқа пәндермен салыстырғанда жоғарылау. Өйткені, қазақ тілі, орыс тілі – 22 балл, ал математика, физика, химия – 20 балл жинаса ˝5˝ алады, сондағы айырмашылығы 1,2 балл ғана болады. Қазақ тілі, тарих, орыс тілі сияқты пәндерден ұзақ ойлап есеп шығармайды, білімі болса, дұрыс жауапты белгілейді. Ал математикадан есеп шығару үшін бір жүйеге келтіреді, формула корытады да, содан кейін есептейді, негізінде ˝5˝ деген баға 18 баллға қойылса дұрыс болар еді. Біріншіден, Ұлттық Бірыңғай Тестіге дайындық 5 сынып математика сабағынан басталады. Әрбір сыныптың математика курсын бітірген оқушы тақырыпты, формуланы үйреніп қана қоймай қолдана білуі, меңгере білуі және қорытынды жасай білуі керек. Мұны математик Чевышевтың ˝Барлық теоремалар мен ережелерді білу жеткіліксіз, оларды меңгере білу керек˝ деген қанатты сөзі растайды. Мысалы, 5 сыныпты бітірген оқушының бөлшектерге амалдар қолдануы, ЕҮОБ, ЕКОЕ – ті табу, проценттерге есептер шығару, теңдеулерді шешуді меңгергендіктері көз алдына келетіндей білім нәтижесі болуы керек. Ал осындай жоғары нәтижеге жету үшін оқытушы сабақтың тақырыбын, мақсатын дұрыс қоя біліп, міндетін айқын аша білуі шарт. Екіншіден, қабілетті, енбек сүйгіш, есепке қызығатын оқушымен және сабақты төмен үлгіретін оқушылармен жоспарлы түрде жұмыс жасауы және қосымша дәптерлер жүргізілуі шарт.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 2.05 Mb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 133

Похожие материалы