Презентация по теме «Ғ.Мұстафин»

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Презентации
Автор:
Ғабиден Мұстафин    Ғабиден Мұстафин –Қазақстанның халық жазушысы,20 ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі.    Ғабиден Мұстафин 1902 жылы Қарағанды облысының Тельман ауданына қарасты қазақ ауылында мінер ат, ішер асқа зәрулігі жоқ күйлі отбасында туған. Әкесі Мұстафа қажы мұсылмандық жолын мықты ұстанған, молдалығы да айтарлықтай, сонысымен ауылына ғана емес, аймағына да беделді кісі болыпты. Әкесінен имандылық тәлім, ауыл молдасынан мұсылмандық дәріс алған бала арабша хат танып, судыратып кітап оқи алатын болады. Бала кезінде дін мектебінде оқыған.       Бірақ бұл кез қазақ арасында жаңа үлгідегі мектепте оқьш, пән негіздерін үйренуге деген беталыс басталған заман-тын. Сондай себеппен 14 жасар Ғабиден де Спасск зауытына барып, бір жыл орысша оқып, содан кейін орысша-қазақша мектептің 4-сыныбына түседі де, оны 1918 жылы бітіріп шығады. Одан ары оқуға мүмкіндігі болмаған ол 1918—1925 жылдарда ауылдағы кеңес жұмысына қатысады. 1925 жылы оқу іздеп, сол кездегі астана — Қызылордаға келеді, бірағ оқуға түсе алмай, жоғарғы сотқа қызметке орналасады. Осыған дейін талай көріп, сан өткелектен өткен ойлы да сезімтал жас сол бір күрделі дәуірден алған әсерлерін, өз көзімен көріп, басынан кешкендерін суреттеп жазуға талпынады. Газеттерге хабар, очерк, фельетондар жаза жүре, біртіндеп көркем шығарма да жазып байқайды.      Бірақ бұл кез қазақ арасында жаңа үлгідегі мектепте оқьш, пән негіздерін үйренуге деген беталыс басталған заман-тын. Сондай себеппен 14 жасар Ғабиден де Спасск зауытына барып, бір жыл орысша оқып, содан кейін орысша-қазақша мектептің 4-сыныбына түседі де, оны 1918 жылы бітіріп шығады. Одан ары оқуға мүмкіндігі болмаған ол 1918—1925 жылдарда ауылдағы кеңес жұмысына қатысады. 1925 жылы оқу іздеп, сол кездегі астана — Қызылордаға келеді, бірағ оқуға түсе алмай, жоғарғы сотқа қызметке орналасады. Осыған дейін талай көріп, сан өткелектен өткен ойлы да сезімтал жас сол бір күрделі дәуірден алған әсерлерін, өз көзімен көріп, басынан кешкендерін суреттеп жазуға талпынады. Газеттерге хабар, очерк, фельетондар жаза жүре, біртіндеп көркем шығарма да жазып байқайды.       Содан кейін жазушының ғана емес, бүкіл қазақ әдебиетінің ірі жетістігі саналған «Дауылдан кейін» романы (1960) дүниеге келді. Осы жылдары жазушы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент-мүшелігіне (1958) сайланады. Жазушының соңғы көрнекті туындысы — өмірбаяндыќ «Көз көргендер» романы.      Ол 1953—1957 және 1961—1964 жылдары Қазақстан Жазушылары одағын басқарды, Абай атындағы Мемлекеттік және Жамбыл атындағы сыйлықтардың иегері болды.        1927 жылы «Жыл құсы» журналында алғашқы «Сәрсен мен Боқаш» тырнақалды әңгімесі жарияланып, 1929 жылы тұңғыш әңгімелер жинағы «Ер Шойын» атпен шыққан. 1940 жылы Қарағанды шахтерлерінің өмірінен жазылған «Өмір не өлім» атты тұңғыш романы жарияланды. Бұл кітап үлкен шығармашылық жолдың бастауын белгілеген ақын еңбегі еді. Соғыс жылдарында «Құлаған құз», «Алынған кек», «Басқа пәле тілден», «Айғақ» (1942), «Тұтқын», «Күлмеген адам», «Керуен» секілді шағын туындылырды өмірге әкелді. 
Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 3.15 Mb
Количество скачиваний: 1089
Просмотров: 1112

Похожие материалы