Презентация по уроке "Табиғат ғажаптары"
Предмет: | ИЗО, МХК |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Рахаева Жулдыз Зинетуллаевна
|
Пейзаж – француз сөзі , бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда , Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай –ақ Еуропада дамыған. Пейзаж өнері әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез – құлқын айнытпай беруге тырысады. XVII ғасырдан бастап суретшілер біріңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар жазуды бастады. Әсіресе XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында орыс суретшілері пейзаж жанрында көркем шығармалар орындауда зор табысқа жетті. Ф. Васильевтың «Жаңбыр алдында», К. Юонның «Қыс соңы», С. Герасимовтың «Жаз өтті», К. Коровиннің «Көктем», И. Айвазовскийдің «Тоғызыншы балл» т.б көркем шығармаларында табиғат көрінісінің алуан ерекшеліктері шынайы бейнеленген.
Қазақстандық суретшілер Ә. Қастеев, Ә. Ысмайлов, С. Мәмбеев, О. Таңсықбаев, Ү.Әжиев т.б пейзаж жанрында көптеген шығармалар ұсынды. А. Черкасский «Көктем», Ә. Қастеев «Шәлкөде жайлауы», Ә. Ысмайлов «Хантәңірі», Ж. Шарденов «Қыс» т.б көркем шығармалар Қазақстанның сұлу табиғатының көрінісін паш етті.
Суретшілердің табиғат көрінісін бейнелейтін шығармаларын көрсету.
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 9.84 Mb |
Количество скачиваний: | 7 |