Презентация по внеклассному работу на тему "Көш басында -Кемеңгер"

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Презентации
Автор:

Сыныптан тыс іс-шара тақырыбы: «Көш басында –Кемеңгер»

Мақсаты: Оқушыларға елбасы туралы түсіндіріп, Отанды сүю, халқымыздың болашақ елбасындай биік шыңнан көрінентін, ел басқара алатындай азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, үнтаспа, көрме, слайдттар, нақыл сөздер, айналдырғыш құрал.

Түрі: танымдық ойын

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Барысы:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны ойналады.

Мұғалім сөзі:

Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік Әнұраны, Туы, Елтаңбасы, Елбасы болады. Қ.Р-ның азаматтары, сондай-ақ елімізде тұрып жатқан кез-келген адам мемлекеттік Туды, Елтаңбаны, Әнұранд, Елбасын құрмет тұтуға міндетті.

Тұңғыш Президент күні – бұл тарихи таңдау күні, барлық қазақстандықтардың Ұлт көшбасшысы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төңірегіне топтасу күні. Ал елімізде алғаш рет атап өтілгелі отыр­­ған осы Тұңғыш Президент күні қар­са­ңын­да Көш басында –Кемеңгер атты тәрбие сағаты өтпекші.

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.

Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды. Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.


Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 689.97 Kb
Количество скачиваний: 14
Просмотров: 133

Похожие материалы