Презентация "Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік шаралары"
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Жусипова Сандугаш Жаксылыковна
|
Тақырыбы: Тұрғындардың су тасқыны мен сырғымалар кезіндегі іс-әрекеті
Мақсаты:
Білімділік: Су тасқыны мен сырғыма туралы түсінік беру, одан қорғану, көмек беру жолдарын меңгерту;
Дамытушылық: Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушының қызығушылығын, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Жер бетіндегі және жер астындағы суды тиімді пайдалануға, суды ластамай, қорғауға баулу.
Түрі: таным сабағы
Әдісі: сұрақ-жауап,ой жинақтау,ой қорыту, түсіндіру
Барысы 1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Психологиялық дайындық
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
3.Таным сабағы
Су тасқыны. Бұл құбылыс та біздің елімізде жерімізде жиі болып тұрады. Тек соңғы бес жылдың ішінде, Атырау облысының өзінде ғана бірнеше су тасқыны болды. Бұл өзгерістердің барлығы тек табиғат күштерімен ғана болып жататын құбылыстар. Әсіресе, Каспий теңізінің тасуынан Құрманғазы, Исатай аудандары көп зиян шегуде. Мал, қора, қыстақтар, үйлер суға кетуде.
Жайық, Ойыл, Эмбі өзедерінің суының көтерілуінен Қызыл-қоға, Жылой, Махамбет аудандары көп зиян шегіп отыр. Каспий теңізі мен Жайық өзендері Атырау қаласына қауіп төндіруде. Бұған қарсы облыс басшылары тиісті шаралар қолданып (жағаны бекіту, елді мекендерді қауіпсіз орындарға көшіруді), күрес жүргізуде. Осындай жағдай 2003-2004 жж. Шардара су қоймасында, Сырдария өзенінің батысында болып, үлкен материалдық шығын әкелді.
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 1.03 Mb |
Количество скачиваний: | 664 |