Презентация тақырыбы: "Қолөнер" үйірмесінің мақсаты мен міндеттері
Предмет: | Технология |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Искакова Эльмира Сабиржановна
|
Студенттің білімін терендетуде,шығармашылық қабілетін дамытуда, ой-өрісін кеңейтуде «Қолөнер» үйірмесінің орны ерекше. Студенттер оқу процесінде алған білімін үйірмеде қолданып, сәндік-қолданбалы өнердің қыр-сырымен терен таныса отырып, шеберлікке, еңбексүйгіштікке шыңдалуына мүмкіндік береді.
Көнеден қалған бұйымдар өрнегінің ерекшелігімен адамды баурап алып, тарих қойнауына жетелейді. Шеберлердің қолдарынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. «Шеберді шілтерінен танисың», «Шебердің қолы ортақ», деген ел ішіндегі сөздер бекер айтылмаса керек. Қас шеберлікке жету үшін дарын, білім, іскерлік пен шыдамдылық керек.
Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өткен тарихымызды білмей бүгінгі күннің қадіріне жету, болашақты болжай білу өте қиын. Ата – баба жасаған бұл рухани байлықтар қазіргі таңда да өз құндылығын жойған емес. Сол мәдени асыл мұраларды «Қолөнер» үйірмесі арқылы зерттеп, танып , бағалай білу біздердің, кейінгі ұрпақтың абыройлы да азаматық, ұлттық парызы.
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 6.98 Mb |
Количество скачиваний: | 16 |