Презентация урока по казахскому языку "Азық-түліктер" (2 класс)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Презентации
Автор:

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 2 «А»

Тақырыбы: Азық-түлік

Мақсаты:

1.Оқушыларға азық-түлік атауларын үйрету. Сол арқылы тілдесім дағдысын жетілдіру.

2.Тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын байыту( орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде).

3.Азық-түліктің адам денсаулығына тигізер пайдасын түсіне білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, ойын.

Көрнекілігі: аудиотаспа,азық-түлік түрлерінің суреттері, мақал-мәтелдер жазылған плакат, азық-түлік дүкенінің жабдықтары.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

1.Амандасу;

2. Сабаққа дайындық. Оқушылар хормен:

Бір, екі, үш – отырамыз тып-тыныш!

3.Мақсатты хабарлау: азық-түлік атауларын қазақ және ағылшын тілдерінде атап үйрену.

ІІ.Жаңа сабақ

1.Қызығушылықты ояту.

-Біз күн сайын өсіп, жетілеміз. Бұл орайда дұрыс тамақтанудың маңызы зор.

-Сендер қандай азық түрлерін білесіңдер?

Топтастыру

Кластер жасау

айран сүт шұжық

нан қант


2.Суретпен жұмыс

Оқулықта берілген суреттегі заттарды атау, жаңа сөздермен таныстыру.

3.Сөздік жұмысы. Аудиотаспадан тыңдау.

Кефир-айран, молоко-сүт, колбаса-шұжық, масло-май, сахар-қант, нан-хлеб.

4.Диалог құрастыру.

Грамматиканы қайталау. Мен және біз есімдіктерін қолдану.

Мен аламын. Я возьму.

Біз аламыз. Мы возьмем.

Жұппен жұмыс

Оқушылар бір-бірімен сұрақ-жауап құрады.

-Сен қайда барасың?

-Мен дүкенге барамын.

-Сен не аласың?

-Мен нан, сүт аламын.

-Сендер қайда барасыңдар?

-Біз дүкенге барамыз.

-Сендер не аласыңдар?

-Біз шұжық, айран аламыз.

ІІІ.Жаңа сабақты бекіту 1.Дәптермен жұмыс

2.Сергіту сәті

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса, баспаңдар.

Теріп алып, қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар!

3.Шағын баяндамалар.

Нан - ас атасы. Нанның түрлері көп.Ол қасиетті азық,нанның қоқымын шашып, басуға болмайды.

Айран – сүтті тағам. Онда кальций дәрумені бар.

Шұжық – әр түрлі үй жануарларының туралған етінен жасалады. Ет қан құрамындағы гемоглабинді көбейтеді.

Май- сиырдың сүтінен жасалады. Ол әр түрлі тамақ дайындауға қажет азық-түлік. Оны ботқаға қосып береді.

Сүт –дәрумендерге бай тағам. Сүттің түрлері өте көп. Балалар сүтті жақсы көреді.

4.Ойын «»

Мақсаты: азық-түлік атауларын ағылшын тілінде айту.

ІV.Сабақты қорыту.

Интерактивті тақтамен жұмыс.

Сөзжұмбақты шешу.

Мұғалім орыс және ағылшын тілдерінде айтады, ал балалар ол сөздің қазақша атауын табулары керек. Жауабын дұрыс айтқан кезде, тақтадан дұрыс жауабы шығады.

Бағалау.

Үйге тапсырма: жаңа сөздерді жаттау, мәтінді оқу.

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 950.19 Kb
Количество скачиваний: 34
Просмотров: 217

Похожие материалы