Прикладной курс по математике для 8-го класса (каз)
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Жангазиева Айгул Мухитовна
|
Курс негізгі мектеп курсындағы 8 сынып оқушыларына арналып, 34 сағатқа есептелген.
Санның негізгі сипаттамасы оның абсолют шамасы (модуль) ұғымы болып табылады. Бұл ұғым физика – математикалық және техникалық ғылымда кең таралған. Модулге байланысты теңдеулер , теңсіздіктер және басқа да есептер соңғы жылдары орта білім курсын қорытынды аттестаттау материалдары мен ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) тапсырмаларында жиі кездесетін болып жүр.
Практикада көрсетіп жүргендей, параметрмен берілген есептер түлектер үшін айтарлықтай қиындық туғызатынын көрсетіп жүр, өйткені, бұл тақырыптар негізгі мектеп курсының оқулықтарында жеткілікті қамтылмаған, қысқа баяндалған және сағат саны да аз бөлінген.
Параметрмен берілген есептер зерттеушілік сипатқа ие. Бұл есептердің әдістемелік мәні , сонымен бірге оларды шешудің білім мен білік дағдыларының қиындығына байланысты. Бұл есептердің оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мен математикалық мәдениеттерін қалыптастыруда үлкен мәні бар.
Сонымен , бұл курс оқушыларға модулге байланысты есептерді орындауда негізгі әдіс – тәсілдермен танысуға, сонымен бірге параметрлермен берілген есептермен танысуға (аналитикалық та , графиктік те әдістермен) мүмкіндік береді; осы сұрақтарға зерттеушілік қызығушылықтарын оятады, сонымен бірге оқушылардың бейімдік салаларын анықтауға және болашақта оқу орнын таңдауға көмектеседі.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 394.01 Kb |
Количество скачиваний: | 28 |