Прикладные курсы по истории Казахстана на тему "Тарихи кестелер мен сызбалар" /10-11 классы, клендарно-тематический план/
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Акауова Шамшат Даулетхановна
|
Т ү с і н і к х а т
ХХІ ғасырдағы тарих пәні – жалпы адамзат дамуын алға басуындағы әр мемлекеттің болашағы үшін өз патриоттарын даярлау жолындағы басты бағыт беруші пән.
Тарих ұлттық өзіндік сана-сезімді және жас ұрпақты тәрбиелеудің адамгершілік – этикалық нормаларын бекітуге назар аударады.
Тарих ғылымы, пән ретінде аса маңызды білім саласына жатады. Өйткені, ол бүкіл адамзаттың басынан өткізген тарихын, тәжірбиесін баяндайды. Тарихты білу әрбір адамға қажет. Сонда ғана ол өзі өмір сүрген қоғамдағы лайықты орнын, істейтін қызметін, соларға байланысты туындайтын міндеттерді, оларды орындау жолдарын дұрыс, дәл анықтайтын болады.
Мектепте «Тарихи кестелер мен сызбалар» атты қолданбалы курстың оқытылуы оқушылардың жалпы танымын кеңейтіп ғана қоймайды сонымен бірге тарихи оқиғлардың жеке даралығын, олардың тарихи маңыздылығын анықтай алуға бағытталынған.
Оқушылардың ақпарат көздерін пайдалануға, хронологиялық кестемен жұмыс істеуге, карталарды пайдалануға аумақтарға назар аударту, қосымша мәліметтер жинақтауға дағдыландыруға бағытталған.
«Тарихи кестелер мен сызбалар» атты қолданбалы курсы 34 сағатқа, яғни аптасына 1сағатқа қарастырылған.
Бағдарлама негізгі төрт бөлімнен тұрады: түсінік хат, бағдарламаның мақсаты мен міндеті, тақырыптық-күнтізбелік жоспар, оқушылардың білімі мен біліктілігіне қойлатын талаптар.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 61.81 Kb |
Количество скачиваний: | 27 |