Призентация по казахскому языку на тему "День языков Казахстана"
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Раисова Нургуль Суннатовна
|
Тақырыбы:«Тіл – менің мәңгі тақырыбым»
Мақсаты:
1) оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдік деңгейлерін байқау, саралау;
2)оқушыларды еңбексүйгіштік, адалдық борыш, ар-ұят секілді адами қасиеттерге тәрбиелеу;
3) ана тілі арқылы оқушылардың рухани дүниесін, шығармашылық қабілетін арттыру;
(бұл сыныптан тыс іс-шара 7-9 сыныптар арасында ұйымдастырылады.Әр сыныптан 3 оқушыдан қатыстырылады.)
-Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың…
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың! –деп , Мағжан ақын жырлағандай, құрметті ұстаздар мен оқушылар апталығымыздың бүгінгі күні 7-9 сынып оқушыларымен өткізілетін «Тіл – менің мәңгі тақырыбым» атты тіл сайысымызға қош келдіңіздер!
- Сайысқа төрелік айту үшін қазылар алқасымен таныстырып өтейін. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Райхан Жәнібекқызы апайларың мен Меруерт Еслямбекқызы апайларың. Әр бөлімнен кейін қазылар алқасы яғни, апайларың бағалап, түсінік беріп отырады.
- Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
Әр сыныптың білгірлері шығады.
-Бүгінгі біздің сайысымыз 4 бөлімнен тұрады:
1.Сұрақ-жауап бөлімі.
2. «Жеті жұрттың тілін біл»
3.Сөйлем құрау.
4. Ойтолғау.
І бөлім. Сұрақ -жауап:
– Тақтада «ҚАЗАҚ ТІЛІ» деген жазу бар. Әр топ кезектесіп, бір – бірден әріп таңдайды. Әр әріптің ар жағында тақырыптар белгіленген. Әр тақырыпқа үш сұрақ немесе тапсырма беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Жауап нақты, толық болуы керек.
Қ . Қазақ тілі
1. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)
2. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік)
3. Сөз таптарын атап бер (Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Етістік, Үстеу, Шылау, Одағай, Еліктеу сөздер.)
А. Қазақ әдебиеті
1. А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айт.
2. Абай атамыз айтқан 5 дос пен 5 дұшпанды ата
(5 дос-ақыл, білім, терең ой, қанағат, рахым;
5 дұшпан-өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
3. Өлең түрінде жазылатын шығарма қалай аталады? (поэзия)
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 363.29 Kb |
Количество скачиваний: | 18 |