ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІЗДЕНІС ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Предмет: | Биология |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Султангазина Галия Бекеновна
|
Проблемалық оқытудың теориялық негізі Тапсырма проблемалық оқыту әдісі бойынша сабақ өткізудің бастапқы пункті болып саналады. Тапсырмада алдымен қойылатын проблеманың сипаттамасы бо- луы тиіс. Тапсырма тек теориялық сипатта ғана емес, оның практикалық жағы да қарастырылуы керек. Қазіргі уақытта қоғам шығармашылық әлеуетті жоғары азаматтарды қажет етеді. Шығармашылық ізденіске жетелейтін бір жол – проблемалық оқыту технологиясы. Проблемалық оқыту технологиясының негізгі ерекшелігі – жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үрдістерін белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуында. И. Лернер проблемалық оқытудың 4 түрін атап көрсетеді: ділгірлік баяндама, эвристикалық (пікір алысу), жеке ізденіс, (жартылай) зерттеу әдістері. Проблемалық баяндаудың негізгі мазмұны: мұғалім проблемалық жағдай туғыза отырып, ізденіс материалдарын өзі баяндап түсіндіреді, логикалық іс-әрекеттің, қайшылықтардың пайда болу негіздерін, оларды шешудің жолдарын көрсетіп береді. Үйренушілер әңгіменің желісіне зер салып, сұрақтар қояды, өз болжамдарын ұсынады, ғылыми ізденіс жүргізеді. Жеке жартылай ізденіс әдісі үйренушілерден қойылған ділгірлікті өз бетінше шешуді талап етеді. Үрдіс барысында үйренушілер жаңа білімдер алады, дағдыларын қалыптастырады, маңызды шығармашылық іскерлікке үйренеді. Проблемалық технологияның биология пәнін оқытудағы мүмкіншіліктерін қарастырайық. Проблемалық әдіс туралы белгілі ұстаз Қ. Бітібаева «Проблемалық талдау оқушылардың танымын арттыру, ой- лау белсенділігін жетілдіруде үлкен рөл атқарады және өзіндік ізденістеріне мол мүмкіндік ашады, әрі дамыта оқытудың негізгі жолы ретінде де пайдалы болып келеді», деген. Проблемалық оқытудың маңызы Проблемалық оқытудың негізі – проблемалық ситуацияны туғызу. Проблемалық ситуация дегеніміз шешуді талап ететін, іздендіретін, ойландыратын күрделі жағдайдың тууы. Биология пәнінің әрбір тақырыбын өту барысында ғылыми болжам жасауға жетелейтін проблемалық жағдаяттар тудыру ерекше орын алады. Проблемалық жағдаятты қабылдап, талдап шешудің жолдарына болжам жасауда оқушылар бұған дейінгі алған білімдеріне сүйенеді, сөйтіп қарастырылып отырған құбылыстың, үдерістің өздеріне әлі таныс емес қасиеттері, белгілері, ерекшеліктері, заңдылықтары жөнінде пікірлерін ортаға салады, әркім өзі ұсынған пікірлерін
негіздейді, қорғайды, ғылыми принциптерге сүйене отырып тұжырымдайды. Оқушы
ойын қозғап, түртіп, қозғалысқа келтіріп отыру оқытушының басты міндеті болып
табылады. Проблемалық оқытуды ұйымдастырудағы шешуші тәсілпроблемалық
жағдаяттар тудыру. Бұл тапсырмалар оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді, ойлана білу қабілетін дамытады, ғылымға, пәнге деген қызығушылығын арттырады,
төзімділікке, шыдамдылыққа, аңғарымпаздыққа баулиды.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 24.61 Kb |
Количество скачиваний: | 51 |