Проектная работа «Өзіндік жұмыстар негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту»
Предмет:
Обществознание
Категория материала:
Конспекты
Автор:
Мамышева Жанат Нысановна
Здесь была ссылка на работу Проектная работа «Өзіндік жұмыстар негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту» автора Мамышева Жанат Нысановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Жоспары: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім: 2.1. Өзіндік жұмыстың маңызы зор 2.2. Бастауыш сынып оқушыларының біліктері мен дағдыларын қалыптастыруда танымдық белсенділіктің рөлі 2.3. Зейін, түйсік, қабылдау, ес және оның түрлері туралы жалпы түсінік ІІІ. Тәжірибелік бөлім 3.1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық үрдісін дамыту 3.2. Оқушылардың танымдық қызығушылығын ойын арқылы дамыту 3.3. Есте сақтау және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту ІҮ. Қорытынды Ү. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Кіріспе Оқу үрдісінде оқу белсенділігін арттырудың жолдары мен тәсілдерін, танымдық ізденімпаздық, танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселелері туралы жазылған еңбектерді атап өтсек: Я.А.Коменский, Ы.Алтынсарин, П.И.Пидкасистый, Н.А.Половнткова, Т.И.Шамова, А.Е.Әбілқасымова, Т.С.Сабыров, Р.С.Омарова т.б еңбектері. Сонымен бірге танымдық іс-әрекет ұғымы мен танымдық белсенділікті қалыптастыру проблемасына педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған оқушылардың танымдық әрекеті мен белсенділігін жетілдіру құралы ретінде қарастырып, құнды пікірлер Ф.Бэкон, Д.Локк, Я.А.Каменский, И.Кант еңбектерінде айтылған. Танымдық белсенділікті дамытудағы оқыту әдістемесінің негізін алғашқылардың бірі болып қалаған ұлы педагог Я.А.Каменский: «Заттың не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау қабілетін дамыту, оны шынайы түсіну және оны қолдана білу қажет»,-деп ерекше атап өткен. Ал қазақтың педагог-ғалымы М.Жұмабаев оқыту процесінде қарапайымнан күрделіге көше отырып, өз бетінше оқуға, өз бетінше білім алуға үйрету қажеттігін көрсетеді. Оқушылардың танымдық белсенділігін, ақыл-ой қабілеттерін дамытуда, оқуға қажетті біліктер мен дағдылар, алған білімінің саналылығы және біліктілігін қамтамасыз етуде көрнекіліктер мен инновациялық технологиялардың маңызы зор. Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Танымдық белсенділік-оқушылардың оқуға, білуге деген құштарлығының, ынта-ықыласының ерекше көрінісі. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда оқу материалдарын анықтай білу, сабақ беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор. Танымдық белсенділік пен жалпы танымдық іс-әрекет проблемасына арналған көптеген еңбектегі зерттеу мынадай қорытындыға әкелді: танымдық ізденімпаздық пен белсенділік жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс-бітімі болып табылады. Егер жеке тұлғаның өз тарапынан танымдық белсенділікті қалыптастыру әрекеттеріне бақылау жасамаса, ізденіс нәтижесі бағаланбаса, жетістіктерге жетуге болады деп айту қиын. Өзгелердің тарапынан болатын бақылаудан гөрі, оқушы өз білім деңгейіне, біліктері мен дағдыларына сын көзбен қарап, бақылау жасауы, оны білімді сапалы меңгеруіне жұмыстың нәтижесін көруде барынша көмектесетіні белгілі. Таным теориясы (гносеология немесе эпистеминология)-айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында бейнеленуін танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатынасын, қоғамдық тәжірибе негізінде іске асатын таным үрдісінің заңдылықтарын, оның негізгі түрлерін, әдістерін, жорамалдар мен теорияларды құру және дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымының саласы. Білімнің қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі-рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттейтін ілім-«таным теориясы»