«Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы. Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары «

Предмет: Информатика
Категория материала: Конспекты
Автор:
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға MS Office дестесінің бір бағдарламасы-                                               MS  Power Point- тың құрылымы, мүмкіндіктерімен таныстыру. Сабақтың дамытушылық мақсаты: Жаңаша,    шығармашылық    тұрғыда ойлай алатын, танымдық мәдениеті биік, дүниеге этикалық тұрғыдан жоғары  жауапкершілікпен қарай білетін адамды қалыптастыру; іздендіру, танымдық біелсенділіктілерін арттыру, оқушылардың компьютермен жұмыс істеудегі жетістіктерін одан әрі арттыра түсіп, алған білімдерін басқа пәндер үшін, сабақтан тыс жұмыстар үшін және келешекте өздері үшін пайдалана білулеріне ықпал ету.Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Еңбекке баулу, ұлттық салт-дәстүрге   тәрбиелеуСабақтың типі:  Білік пен дағдыны қалыптастыру.Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі , практикалық (берілетін теориялық білімнің мазмұны бойынша анықталады). Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық.Пәнаралық байланыс: Математика, қазақ тілі Сабақтың көрнекілігі: Компьютерлер, слайдтар, принтер, проектор- экраны,                                          парақшалар. .Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі                                   а)Оқушылармен сәлемдесу                                  б) Журналға белгі соғу                                  в) Назарларын сабаққа аударуІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «MS Office» ассоциациясы     1.      Microsoft Word дегеніміз не?2.      Microsoft Word программасын іске қосу жолдары3.      Microsoft Word терезесінің құрылымын атаңыз?4.      Microsoft Word құжатының кеңейтілімін ата?5.      Мәтіндік редакторда құжатты қалай сақтайды?ІІІ. Жаңа сабақ.Тақтаға күннің реті мен жаңа тақырыпты жазу   Power  Point   презентацияны  дайындау  және  өткізудің  ең  жақсы  бағдарламаларының  бірі.  Ол  MS Office  2000-ның  құраушы  болып  табылады  және  презентациялық  материалдарды  слайд  түрінде  жасау  және  оларды  қағазға,  экранға,  мөлдір  пленкаға немесе  35-миллиметрлік  пленкаға  шығаруға  арналған. Power  Point   презентацияны  жоспарлауға  жасауға  және  көрсетуге  мүмкіндік  береді. Пайдаланушыға  шаблондардың  модификацияланатын  жиынтығы,  слайдтар  редакторы,  схема  құру  құралы  ұсынылады.  Power  Point   презентацияның  барлық  құрауыштарын  экранға  шығаруға  немесе  басуға  және  презентацияларды  кейін  басып  шығаруға  сақтауға  мүмкіндік  береді. Power  Point бағдарламасы мына әмірлерді орындау арқылы іске қосылады:Бастау-Барлақ Бағдарламалар- Microsoft Office -Microsoft Power  Point                     Power  Point терезесінің құрылымы Windows қосымшалары терезесінің дәстүрлі құрылымындай, үстелер мен әмірлердің негізгі міндеттерін қайталайды, бірақ жекелеген элементтерімен ерекшеленеді·         Тақырып жолағы- құжат атауын және терезені басқару батырмаларын қамтиды·         Стандартты құралдар үстелі- Power  Point әмірлерінің басым бөлігінің батырмаларынан тұрады.·         Пішімдеу құралдар үстелі- пішімдеу әміріне арналған батырмаларды қамтиды·         Слайдтардың кішірейтілген үлгілері- көрме слайдтары арасында жылдам ауысып жүруге арналған·         Жұмыс аймағы- слайдтарды жасауға, онда нысандарды мәтінді, суреттерді диаграммаларды, клиптарды, дыбыстарды орналастыруға арналған аймақ.·         Тапсырмалар аймағы- ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды·         Күй жолағы- құжат ақпаратын қамтиды·         Сурет салу құралдар үстелі- сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған әмірлерді қамтиды, қарапайым әсерлі суреттер, эмблемалар жасауға, мәтінді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік береді. Microsoft Power  Point-  та көрме жасау барысы жалпы безендіруді таңдау, жаңа слайдтарды және олардың мазмұнын үстеу, слайдтарға шен салуды таңдау, қажет болса слайдтардың безендірілуін, түс сұлбасын өзгерту, түрлі безендіру қалыптарын және слайдтарды көрсету кезіндегі жан бітірім мен басқа да пәрмендерді қолдану сияқты әрекеттерден тұрады.Power  Point-  та  Жұмысқа кірісу тапсырмалар аймағы жаңа көрмені жасау үшін бірқатар нұсқаларды ұсынады:Көрмені жасау. Слайдтар безендіру элементтерінің ең аз санын қамтиды, оларға қатысты түстер қолданылмайды.Пайдаланушы слайдтарды өз қалауынша безендіреді.Ашу. Көрме бұрыннан бар безендірілген көрмеге негізделіп жасалады. Қолда бар көрменің бастапқы нұсқаның мазмұны мен безендірілуіне өзгерістер енгізе отырып, жаңа көрме жасауға мүмкіндік беретін көшірмесі жасалады.Безендіру қалыбынан. Көрме негізгі безендіру элементтерін, қаріптерді және түс сұлбасын қамтитын қолда бар Microsoft Power Point қалыбы негізінде жасалады. 1- кезең. Бақылау сұрақтары1.      Microsoft Power Point бағдарламасы қалай іске қосылады?2.      Microsoft Power Point бағдарламасының қандай мүмкіндіктері бар?3.      Автомазмұн шебері қалай қосылады?4.      Презентация дегеніміз не?5.      Бос презентация қалай құрылады?6.      Слайдпен жұмыс істеудің қандай режимдері бар? 7.      Слайдтарды қалай баспаға береміз?
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 531 Kb
Количество скачиваний: 26
Просмотров: 229

Похожие материалы