Программалау еліне саяхат урок

Предмет: Информатика
Категория материала: Презентации
Автор:

.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде және адамды қалыптастыруға және касіби шеберлігін шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.

      Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің  күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәрбиеге, жаңа қарым – қатынасқа өту қажеттілігі туындайды.

      Егеменді елдің ертеңі оқу – білімнің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз, үздіксіз дамытуды талап етеді.

      Ел басымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» даму бағдарламасында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп кемелденеді, жас шәкірттер онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар бейбіт, айбат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сайлы өз елінің патриоттары болады» деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына  ықпал етіп, қоғамын алға апаратын құдіретті күш – білімге тән.

     Елімізге дүбірлі өзгерістер, қайта жаңғырулар білім беру жүйесінде де айтулы реформалар әкелді. Білім стандартының жасалуын, төл оқулықтарымыздың жазылуы, мектептерді жаппай компьютерлендіру, инновациялық технологиядан  іздену, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім к

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 2.66 Mb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 149

Похожие материалы