ПрОқушы құзыреттілігін қалыптастырудың тиімді әдісі

Предмет: Другое
Категория материала: Тесты
Автор:

Оқушы құзыреттілігін қалыптастырудың тиімді әдісі

Елбасымыздың Жолдауында «Педагогтар құрамының сапасын арттыру – мұғалімдердің біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту» деген болатын.

Республика көлеміндегі педагогикалық шеберлік орталықтарында Кембридж тәсілдерін енгізуі жүзеге асырылуда.

Дүниежүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс-тәжірибесінен тұрақты орын алған оқыту жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын қолдану орынды да нәтижелі екендігін дәлелдейтін фактілер бүгінгі таңда ғылыми-педагогикалық әдебиетте жеткілікті деңгейде кездеседі.

Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері – орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hattie, 2009).

Бұл Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 37 Kb
Количество скачиваний: 7
Просмотров: 138

Похожие материалы