Здесь была ссылка на работу Құрақ құрау. автора Рисманбетова Гульмира Согиндиковна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: Құрақ жастықша тігу. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға құрақтың тарихынан, оның түрлерінен және қолданылуынан мағлұмат беру. Құрақ құрау саласын оқушыларға меңгерту.Ұмытыла бастаған халық өнерін жандандыру. Білімділік: оқушыларға өнер және қолөнер туралы білім беру. Қолөнердің бір саласы құрақ құрау туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру.Қолөнер бұйымын жасап шығару. Дамытушылық: теориялық білімдерініс жүзінде шығармашылықпен дамыту, құрақ құрау туралы алған білімдерін, дағдыларын нығайту.Бұйымды жаңа дизайн үлгіде көрсету. Тәрбиелік: ұлттық өнерге деген қызығушылығын, эстетикалық сезімін арттырып, еңбексүйгіштікке, іскерлікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: құрақ құрау плакаттары,ұлттық қолөнер бұйымдары, дайын құрақ бұйымдар. Құрал – жабдықтар: мата қийындылары, ине, жіп, қайшы, тігін машинасы, үтік,нұсқау карта. Пәнаралық байланыс: тарих,математика,сызу, бейнелеу өнері,орыс тілі, ағылшын тілі,геометрия. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: сарамандық жұмыс арқылы. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. ІІІ. Білімдерін тексеру немесе ой толғау. ІY.Жаңа білімдімеңгерту. Ү. Сарамандық жұмыс. І.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқу құралдарын алып отырған орнын ретке келтіруді ұйымдастыру.Оқушылардың келген келмегені түгенделеді. ІІ. Үй тапсырмасы: (8-10мин) Құрақ дегеніміз не? Құрақдың екі мағынасы бар: 1. көлдің жағасында өсетін өсімдік, 2. мата қиындыларынан бұйм жасау. 2. Жастықшаны қандай матадан тігеміз? Көздері майда бөліктермен өте нәзік әрі әдемі түстер мен құралады. 3.Матаны қалай таңдап аламыз? 4.Күнбағыс гүлі жастықшасын қалай құрастырдық? (технологиялық картасын көрсетіп, айту) Жаңа сабақ (қорытынды) Халқымыздың ұлт екенін айыратын үш негізгі арнасы бар. · Тіл өнері · Саз өнері · Қол өнері · Халқымыздың қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу құрастыру сияқты шығармашылық жиынтығын айтамыз. Солардың ішінде ертеден келе жатқан өнер,апаларымыз тігетін құрақ құраудың да өзінідік тарихы бар. 1.Оқушылырдың құрақтың шығу тарихына байланысты жинаған аңыз-әңгімелерін тыңдау.Ырым-жырымдарды айту. Құрақ құрау кезінде қойылатын талап –ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және матаның негізгі және арқау жіптерін ескеруіміз керек. 1.Абай атамыз айтқан бес дұшпанның бірі – ысырап болса,өнердің бұл саласы да ысырапшылдыққа жол бермейді. 2.Ысырапқорлық қазақтарға жат қылық.Ежелден ата-бабаларымыз үнемшіл болып қолдағы темір,сүйек,ағаш,тері тәрізді заттардың да кесінділерін қажетіне ұқсатып,аяқ асты тастамаған.Ал қолдағыны осылай ұқсатуда қиыстырып құрақ құраушылардан асқан шебер жоқ.Құрақ құрау қыз-келіншектерді ысырапқорлықтан тыйып үнемділікке үйретеді. 3.Құрақ құрау үшін алдымен қажетті материалдар таңдап алынып,олар түрі,түсі,матасына қарай сұрыпталады. Қыз ұзату,келін түсіру тойларында құдағилар бір-біріне құрақтан әдемі ою-өрнек салынған әсем қоржындармен сый-сыяпат апаратын болған.Әр уйде құрақтан жасалған бұйымдардың болуы – отбасының ұлт жандығын ғана танытып қоймайды.Бұл қазаққолөнерінің ежелгі түрінің қайтадан жаңғырып,қазіргі заман талабына сай жарасым тауып отырғанын көрсетеді.Құрақтан жасалған бұйымдардың көбеюі шетелдіктерге біздің еліміздің қолөнерінің қаншалықты дамығанын паш етіп,қазақты әлем халықтарына кеңінен танытуға жарқын жол ашты.Қысқы «Азияда» күндерінде шетелдіктердің түрлі ұлттық сувинирлермен бірге құрақ бұйымдарын да көптеп сатып алып жатқанын көрдік.Құрақ құрау қыз-келіншектеріміздің жанында ұлтжандылық қасиеттерді орнықтырып,оларды ұлттық қолөнерімізді сүюге,оны дамытуға үлес қосуға тәрбиелейді.