"Рационал бөлшектің негізгі қаситеі" (7-сынып)
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Исказиева Лаззат Битималиевна
|
Сабақтың мақсаттары: Білімділігі: оқушылардың рационал бөлшектерді қысқарта білу бейімділіктерін қалыптастыру, рационал бөлшектерді теңбе-тең түрлендіруге үйрету.
Дамытушылығы: оқушылардың рационал бөлшектерді қысқарта білу біліктіліктерін дамыту. Тәрбиелігі: оқушыларды өз елін, жерін құрметтеуге, тарихын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ Сабақтың көрнекілігі: тапсырмалар жазылған карточкалар,кестелер т.б. Сабақ жоспары: І.Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а) № 488(ж.ж) есеп шығаруын тексеру.
ә) Бақылау сұрақтарына жауап беру.
1. Қандай өрнекті бөлшек өрнек деп атайды?
2. Айнымалының мүмкін мәндері деп нені айтады?
3. Теңбе-теңдік және теңбе-тең түрлендіру деп нені айтады?
ІІІ. Ауызша жұмыс.
Түрлі-түсті дөңгелек беттердің бір жағында тапсырмалар жазылған.
Оқушылар жауабын айтқаннан кейін, ол дөгелекшелерді аударып ілеміз.
Сол кезде оқушылар өз ауылы – Мерейде тұратын түрлі ұлт өкілдерімен және ауыл тарихымен таныс болады.
Қысқаша көбейту формулаларын пайдаланып, түрлендіріңдер:
1)
2) ;
3) ;
4) ;
5) ;
6);
7) .
Қазіргі таңда Мерей ауылының тұрғындар саны-1708. Қазақтар-1661, орыстар-15, татарлар-20, белорустар-5, украиндар-4, чуваштар-2, удмурт- 1.
ІV.Слайд. Ауыл тарихы.
Мерей (бұрынғы Логашкин) ауылы округінің жер көлемі 78,6 мың гектар. Мерей ауылы ауданның солтүстігінде орналасқан. Солтүстік шығысында Зеленов ауданымен, оңтүстігінде Тасқала ауданының Оян (бұрынғы «Степной») ауылымен, батысында Ақтау (бұрынғы «Красный маяк») және солтүстік - батысында бұрынғы Ленин атындағы совхоздармен шектеседі. Ауылдың сырты жайылмалы, шалғынды болып, жусанды далаға ұласады. Географиялық жағынан өте қолайлы орналасқан. Ауыл іргесінен Ресей, Орал тас жолы, жоғарғы кернеулі электр жүйесі өтеді. Мерей ауылы Тасқала темір жол станциясынан 22 шақырым, облыс орталығы Орал қаласынан 80 шақырым қашықтықта. Отан тарихындағы ұжымдастыру науқаны мен тұтас біздің № 18, кейін «Шипов» совхозы - 1929 жылы № 432 санды деген ресми атаумен республика өңірінде алғашқы құрылған социалистік шаруашылықтардың бірі. Алғашқы басшысы «Чистяков » деген азамат болған. Елді мекен құрылған кезде небары 67 отбасы болған. Сол кезді көзімен көрген Валентина әжей: «1929 жылы ауылдар колхоз – совхоз болып ұйымдаса бастады. Біз осы ауылға көшіп келгенде бұл жерде «Логашкин » деген помещик тұратын » - деп еске алады. Қазіргі таңда Мерей ауылының тұрғындар саны-1708. Қазақтар-1661, орыстар-15, татарлар-20, белорустар-5, украиндар-4, чуваштар-2, удмурт- 1.
V.«Математикалық лото» ойыны.
Тапсырмалар жазылған 2 карта тақтаға ілінеді. Сондай-ақ 2 топ оқушыларының қолдарына беріліп, оқушылар тапсырмаларды орындайды. Тақтадағы жауаптар жазылған плакатқа сәйкес тапсырмаларды жапқанда, әр ұлттың мақалдарын оқып, оның мағынасын түсіндіреді.
Бірлікті білмейтін халық жоқтыққа душар болады, бірлігімен күшті халық бақытқа кенеледі.( қазақтікі)
Бәрі бірі үшін, ал бірі бә рі үшін.(орыстікі )
VІ. Ойын «Күйіп-жанды». Белорус ойыны.
Жүргізуші (немесе ойыншы) мынадай сөздерді айта жүріп, ойыншықтарды әр жерге жасырады:
Күйіп – жанды, сонсоң
Теңіз асып ұшты,
Келгеннен соң,
Қалап қонды бір тұсты
Кім бірінші табады,
Сол өзіне алады!
Осы сөздерден кейін бәрі алаңшаны кезіп, тығып қойылған заттарды іздеп жүгіріп кетеді. Кім көбірек тапса, сол жеңеді.
Ойын ережелері: Заттарды тек сөздер айтылып біткеннен кейін ғана іздеу керек.Ойыншықтарды бөліп жасыру кезінде бәрі көзін жауып, сығаламай тұруы тиіс. Ойыншықтарды жылдам жасыру қажет.
Жұмбақтар, есептер, сұрақтар жазылған қағаздарға оралған сыйлықтар осы өлең жолдарынан кейін жасырылады. Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларға ұпай қосылады.
Жұмбақтар
1.Алпыс төрт тең бөлмеде, 2.Әншейінде біреусің
Отыз екі тұрғын бар: Қарай қалсаң екеусің
Ақ, қара ғып бөлгенде (айна)
Бірін -бірі қуғындар 4. Екі езуі құлағына жетеді
Ханы үшін де, жаны үшін Тамақ жесе ызың-ызың етеді
Бермейді олар намысын. (ара)
(шахмат)
3.Алпыс кісі аяқтастық, 6. Жеті түрлі үні бар
Ал таңертең таяқтастық . Жеті бірдей құлақ бар.
(кірпік) Айтыңызшы білсеңіз
Бұл не ?- деген сұрақ бар
5.Төңірегі тең көрініп (гитара)
Теген жатыр төңкеріліп
Жас та сыйған, кәрі сыйған
Астына оның бәрі сыйған
(аспан)
7.Көпұлтты ел болуымыз- біздің ... (байлығымыз, мақтанышымыз).
8.Біздің сыныпта оқитын ұлт өкілдері? (қазақ, орыс, чуваш)
Бөлшекті қысқартыңдар:
9) ; 10) ; 11) ; 12) ; 13) ; 14) ; 15).
VІІ.Үйге тапсырма.№489
VІІІ.Қорытынды. Бағалау. Оқушылардың әр бөлімнен алған ұпайлары есептеліп, бағаланады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 504 Kb |
Количество скачиваний: | 5 |