Құрастыру " Алма бағы"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Құрастыру

Тақырыбы: «Алма бағы»

Мақсаты:

Б.М: Көру қабілеттерін дамыта отырып, шығармашылыққа баулу

Д.М: Кеңістікті пайдалана отырып, алма бағын құрастыру

Т.М: Құрастыру барысында сабырлық, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Әңгіме, сұрақ-жауап, ойын,түсіндіру, жұмбақ жасыру.

Көрнекіліктер: Алма ағашы, алма суреттері, жемістер муляждар

Билингвалды компонент: Алма ағашы-яблоня, алма-яблоко, жемістер-фрукты.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиеші іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы кезең:

Іздену-ұйымдастырушы кезең:

Рефлексивті түзетуші кезең:

Жылулық шеңбері

Шеңбер құрып тұрып, бір-бірііміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуын сезінейік.

Достарды біз қолдаймыз,

Қиын шақтаа қорғаймыз.

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату-тәтті ойнаймыз.

-Балалар, бүгін бізге қоян қонаққа келіпті. Ол өте көңілсіз екен, себебі, ол бір себет жемісін жолда жүгіріп келе жатып жоғалтып алыпты. Қоянның сүйікті жемісі бар екен.

Жұмбақ жасыру

Өзі тәтті, өте қызыл, пішіні домалақ, өзі ағашта өседі.

Ол не? (Алма)

-Дұрыс айтасыңдар, қоянның сүйікті жемісі-алма екен.

-Қане, қоянның көңілін көтеріп, бір ойын ойнап жіберейікші?

Ойын: «Дәміне қарай ажырат»

Мақсаты: Балалардың сезім мүшелерін дамыту.

(Жеміс бөлшектерін ауызға салып, қандай жеміс екенін айтады)

-Ой, балалар, қоянның көңілі біршама көтеріліп қалған сияқты. Енді барлығымыз қоянға арнап алма бағын жасап берейік пе?

Суретпен жұмыс

-Алма бағы қандай болады, қалай ойлайсыңдар?

-Алма бағында не өседі?

-Алма бағында алма ағаштарын күтетін адамды қалай атаймыз?

-Алма жемісінің қандай пайдасы бар?

-Жемістерден не жасайды?

Алма бағын құрастыру

1)Алма бағының қоршауын жасау,

2)Ағаштарды орналастыру;

3)Алмаларды ағашқа орналастыру;

-Балалар, жарайсыңдар, алма бақтарың өте жақсы шықты.

-Қонаққа не келді?

-Неліктен көңіл-күйі жаман болды?

-Біз қоянға не жасап бердік?

-Сенің бүгінгі сабақтан алған көңіл-күйінді көрсететін смайликті көрсетші?

Балалар тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталап айтады.

Балалар қоянға назар аударады.

-Алма

Балалар көздерін жұмып, жеміс, көкеністі ажыратып, қандай жеміс екенін айтады.

-Жасап берейік.

-Әдемі, үлкен болады

-Алма ағаштары өседі.

-Бақташы

-Алма жемісі пайдалы, дәрумен бар.

-Жемістерден тосап, сусын жасайды.

Балалар тәрбиеші көмегімен алма бағын жасайды

-Қоян келді.

-Жемістерін жоғалтып алыпты.

-Алма бағын жасап бердік.

Балалар көңіл-күйлерін ккөрсететін смайликті алып, түсіндіреді.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Жемістер туралы түсінік

Болуы қажет: Кеңістікті дұрыс бағдарлай біледі.

Жасай алады: Алма бағын құрастыра біледі.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 9.94 Kb
Количество скачиваний: 134
Просмотров: 499

Похожие материалы