Разработка по казахскому языку "Повторение" 3класс.
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Абиласанова Гулнар Базархановна
|
Пән аты: Қазақ тілі
Сыныбы : 3 б сыныбы
Сабақтың тақырыбы:Қайталау сабақ.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға зат есімнің тәуелдік жалғауларын, септік жалғауларын, буынды қауталауға жаттығу жұмыстарын жүргізу.
2.Тәрбиелік: Балаларды кішіпейілділікке, адамгершілікке, ынтымақтастыққа, тіл тазалығын сақтауға тәрбиелеу. 3.Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін қалыптастыру. Сөздік қорын байыту. Оқушыларға есте сақтау және ойлау қабілетін, танымдық қызығушылығын дамыту.
Сабақтың типі:дәстүрлі.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдіс-тәсілі: СТО әдісі, сұрақ-жауап.
Пән аралық байланыс: өзін-өзі тану , ән – күй , еңбек пәні.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте , суреттер , қима қағаздар , стикерлер, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі : 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушыларды түгелдеу.
3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Оқушыларды топқа бөлу.
Екі топқа бөлінеді.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау : 4 – тапсырма «Дана әжем» өлеңі жатқа сұрау.
Бүгінгі өтетін сабағымыз қайталау сабақ.
III. «Көңілді күн».
«Көңілді күн» ойынын ойнау үшін мына сұрақтарға жауап беру керек.
1.Кітап сөзін тәуелде.
2.Әже сөзін септеп бер.
3.Қолшатыр сөзін буын түріне ажырат.
4.Ағаш сөзіне көптік жалғауын жалға.
Әке сөзіне ілік септігінің жалғауын жалға.
Мектептен сөзінде қай септіктің жалғауы жалғанып тұр?
Отбасы сөзі жуан ба, жіңішке ме?
IV. Топтық жұмыс.
1-ші топқа Отбасының жақсы болу үшін не қажет?
2-ші топқа Отбасыға зиянын тигізетін іс- әрекеттер?
Топтар өздері тақтаға шығып қорғап шығады.
V. Сергіту сәті.
VI. Күзгі молшылық.
Септік жалғауы жалғанған сөздерді параққа ілу.
1-ші топ алмаларды ілу. Ағаштың, оқулықтар, әжеме, кітаптан, Астанаға, нан, келдім,
2-ші топ алмұрттар. Атаммен, көлшік, дүкеннен, қалаға, дәптерге, оқулық, жүру.
Дәптермен жұмыс.
«Мәтінді жалғастыр».
1-топ.
2-топ.
Менің отбасым тату. Біз демалыс күні хайуанаттар бағына бардық.
Құрастыр ойыны.
Тақтамен жұмыс.
Берілген сөздерді буын түріне ажырат.
1 топ. Қолғап, ата, көзілдірік, қалада, немере, қалам.
2топ. күзде, жапырақ, қазан, ел, дүкенде, тілдер.
Үлестірмелі парақшалармен жұмыс.
Сабақты қорыту.
Екі жұлдыз бір тілек.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, емен ағашына іледі.
Үй жұмысы.
Ереже жаттау.Бағалау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 37.54 Kb |
Количество скачиваний: | 6 |