Разработка по литературы
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Тасмагамбетова Гульдария Галымовна
|
Мақсаты: Оқушылардың меңгерген білім деңгейін анықтау, кестелік көбейту және бөлу амалдарымен байланысты берілген есептерді шешу және тиімді тәсілмен есептеуге дағдыландыру.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін, шапшаң есептеу дағдыларын дамыту. Өз ойларын айтып, дәлелдей білуге үйрету.
Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, бір-біріне көмек бере білуге, өз жұмысын және өзгенің жұмысын бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Көрнекілік: кесте, слайд, жұлдызшалар, бағалау кестесі, үлестірмелі қима қағаздар.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Шаттық шеңбері
-Балалар, барлығымыз ұлдар мен қыздар араласып тұрайық та, бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.Балалар бір-біріне тілек тілейді.
-Балалар, қазір сендер мына сандықшадан текшелерді аласыңдар. Сол алған текшелеріңнің түсіне қарай екі топқа бөлінесіңдер. Әр топтың аты, ұраны және өздерің топ басшысын сайлайсыңдар.
Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
1-топ – « Алғырлар» тобы.
Ұраны:Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп.
2-топ –« Тапқырлар» тобы.
Ұраны: Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
1 тур. Бәйге. Сұрақ-жауап. Әр дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады.
1.1дм неше см бар?
2.1м-де неше см бар?
3.1 кг-да неше гр бар?
4.Периметрді қалай табамыз?
5.Алманың жартысы неге ұқсас?
6.1кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма?
7.2 жүздікте неше бірлік бар?
8.Қосудың компоненттерін ата.
9.Көбейтудің компоненттерін ата.
10.3 сағатта неше минут бар?
11.81 қай санның квадраты?
12.Қосудың қандай қасиеттері бар?
13.Кез келген санды 0-ге көбейтсек не шығады?
14.36-ны 5-ке бөлгенде неше шығады, қалдық қанша қалады?
15. Өз ара кері амалдарды ата.
2 тур. «Көкпар» сайысы.
1.Ең үлкен үш таңбалы санға 1-ді қоссаң неше шығады?
2.3-ті 5 есе арттырып, оған 45-ті қос.
3.Ұзындығы 6 см, ені 3 см тік төртбұрыштың ауданы нешеге тең?
4.3 тәрелкенің әрқайсысында 8 алмадан бар. 3 тәрелкеде барлығы неше алма бар?
5.Бірінші қорапта 18 кг кәмпит бар, бұл екіншіге қарағанда 6 кг артық. Екі қорапта неше килограмм кәмпит бар?
6.Шаршының 1 қабырғасының ұзындығы 5 см, ауданы нешеге тең?
7.Асқабақтың массасы 3 кг, ал қарбыз одан 2 кг ауыр. Қарбыздың массасы неше килограмм?
8.1000 саны шығу үшін 250 –ді нешеге көбейтеміз?
9.56 – ның 7-ге бөліндісі нешеге тең?
10.81 қандай санның квадраты?
11.3 есе арттырғанда 24 шығатын санды ата.
3 тур. « Сиқырлы шаршы» сайысы. Слайдтан қараймыз.
10, 20, 30, 40 ұяшықтарын таңдап, сол ұяшықтардың сұрақтарына жауап береміз. Жауап бере алмасақ, басқа топтағы дайын оқушы жауап береді. Ұпай сол топқа кетеді.
10 ұпайдың тапсырмалары.
1.Азайтудың компоненттерін ата.
2. Қосудың компоненттерін ата.
3.Көбейтудің компоненттерін ата.
20 ұпайдың тапсырмалары.
1.(26+4)∙2
100-90 ÷10
36 – 6∙1
30 ұпайдың тапсырмалары.
1.Ағасы 16 жаста, ал қарындасы 8 жаста. Қарындасының жасы ағасынан неше есе кем?
2.Әр жейдеге 2 м матадан жұмсағанда, 11 м матадан неше жейде тігуге болады? Неше метр мата артық қалады?
3.8 есе арттырғанда 72 шығатын санды тап.
40 ұпайдың тапсырмалары.
1.Шаршының бір қабырғасының ұзындығы 7 см. Ауданы нешеге тең?
2.Тік төртбұрыштың ауданы 16 см, ені 2 см. Ұзындығы неше см?
3.Бөлменің 4 бұрышында 4 мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық бар?
4 тур. Ой қозғау. « Тапқырлар сайысы». Киелі сандар.
дәмкүнқару арыс
қазына асылШелпек жеті ата баға дұшпан
5 тур. « Ойымды жалғастыр»
Мақал – мәтелдерді толықтырып айту.
1.Білекті бірді жығады,( білімді мыңды жығады)
2.Төртеу түгел болса төбедегі келеді, ( алтау ала болса, ауыздағы кетеді)
3.Отыз тістен шыққан сөз,( отыз рулы елге тарайды)
4.Жүз сомың болғанша, ( жүз досың болсын)
5.Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
6.Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
7.Жаздың бір күні, ( қыстың мың күнін асырар)
8.Ер бір рет өледі,( қорқақ мың рет өледі)
9. Жеті рет өлшеп,( бір рет кес)
10.Жігіт адамға ( жетпіс өнер де аз).
Қорытынды бөлім.
Ұпайларды есептеп, жеңімпаз топты анықтау. Марапаттау.
Қобда ауданы
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 13.03 Mb |
Количество скачиваний: | 5 |