Разработка урока на тему: « Отбасының берекесі »
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Шукирова Зулейха Аспандияровна
|
Сабақтың мақсаты : Білімділік : оқушыларға отбасының берекесі , сыйластығы туралы түсініктерін кеңейту ;
Дамытушылық : жағымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін қалыптастыру. Есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік : туыстық қарым – қатынасты сақтау, үзбеу сияқты адам тәрбиелеуде үлгі болатын әдет – ғұрыптарды білгізуге жағдай жасау , имандылыққа , адами қасиеттерді сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : аралас
Әдіс тәсілдері : ойландыру, сұрақ – жауап, түсіндіру, т.б
Пән аралық байланыс : ана тілі , өзін –өзі тану,музыка
Сабақтың көрнекілігі : кестелер , суреттер, сөзжұмбақ, мақал – мәтелдер, т. б.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Қызығушылығын ояту
4. Ой қозғау
5. Жаңа сабақ
6. « Баспалдақ » ойыны
7. Оқулықпен жұмыс
8. « Асар жасау» ойыны
9. Көрініс « Әке мен бала»
10. Ойын « Алтын сандық»
11. « Сыңарын тап ! » ойыны
12. Күн шуағын құрастыру.
13. Үй тапсырмасын беру
14. Бағалау
1 . Ұйымдастыру. Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше , себебі , біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Сабағымызды Ермек Өтетілеуов ағаларыңның « Мен қазақтың баласымын » өлеңімен бастайық.
2. Үй тапсырмасын сұрау . Ойын « Бәйге » 3 қатар жарысады. Қайсысы көп ұпай жинайды.
1. Өлі және тірі табиғатқа не жетеді ?
2. Жабайы және мәдени өсімдік деген не ?
3. Тау жыныстары деген не ?
4. Пайдалы қазбалардың түрлері
5. Топырақ деген не ?
6. Ерекше қорғауды қажет ететін өсімдіктер, жануарлар. Олар қайда тіркелген?
7. Өсімдіктің неше түрі бар ?
8. Жануарлардың неше түрі бар ?
9. Қызыл кітапқа құстың неше түрі енгізілген ?
3 . Қызығушылығын ояту.
- Балалар , отбасы деген не ?
- Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын ең жақын туыс адамдар.
- Отбасы мүшелеріне кім жатады ?
- Ата –апа, әке – шеше, аға – бауыр, әпке – сіңлі.
- Отбасы мүшелері бір – бірімен қандай қарым – қатынас жасайды ?
- Бірге отырып тамақ ішеді, әігімелеседі, демалады, еңбек етеді, сыйлайды, бір-бірін жақсы көреді.
4. Ой қозғау .
Өз үйінде сен үшін ең қымбат нәрсе не ?
- Жақсы көңіл – күй , сыйластық, татулық. Ендеше , отбасы туралы сөзжұмбақ шешейік.
О
Т
Б
А
С
Ы
1.Үйіне қыдырып келген адам.
2.Әкеңнің әкесі
3.Ағаңнын әкесі
4.Сені дүниеге әкелген,ең жақын адам.
5.Әкеңнің жақындары
6.Анаңның туыстары
5.Жаңа сабақ.
Оқулықпен жумыс. Мәтінді оқып беру.
6. «Басбалдақ » ойыны арқылы сабақты түсіндіру.
Шілдехана,тұсау кесер,тілашар,соңғы қоңырау,әскери міндет, ЖОО неке.
Отбасын құру үшін ерлі-зайыптылар некеге отырады.
Неке-екі адамның өзара келісімі мен түсініктерінен құралған одақ.Отбасы-әр адамның
шағын отаны.Салт-дастүрлер,әдет ғұрыптар туралы айтқызу.Конститутция кітабы-неке туралы кітапты көрсете отырып,түсіндіру.
7. Оқулықпен жұмыс. Қ Р Конституциясының 27 - бабында « Неке мен отбасы,ана мен әке және бала мемлекетін қорғауында болады» деп көрсетілген.
Сергіту сәті. Балалар,денелеріңді түзу,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмуларыңа болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныстап,денемізді бос ұстаймыз.
Айналадағы барлық тіршілік иелері сіздерді аялап,қоршап,қамқор болып жатыр.Сіздер жанұяларыңызбен бақытты сәтті бастан өткізіп жатырсыздар.Көңіл күйлеріңіз өте жақсы,сіздер күліп,тамаша сезімдерге бөленіп отырмыз.Тұла бойларыңыз махаббат пен жақсылыққа толды.
Енді көзімізді ашып,бастапқы қалпымызға оралайық.
Қазақ халқының салтында үйленген баласын бөлек шығарарда бүкіл туған – туысқандарын жинайды, қонақ етеді. Олар жас отауға тілек айтып, әрқайсысы көмек көрсетеді. Соның бірі - асар жасау.
8. « Асар жасау » ойыны . Қане балалар бізде асарлатайық !
1. Іргетас « Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені ». Әдептілік туралы мақал – мәтел айтқызу.
2. Қабырға – сыйласаң , сыйлы боларсың. Сыйластық туралы мақал – мәтел айтқызу.
3. Шатыр
Өнер алды бірлік
Ырыс алды – тірлік
4. Терезе.
« Сіз » деген - әдеп
« Біз » деген - көмек
5. Есік . « Ынтымақ» туралы мақал – мәтелдер айтқызу.
9. Көрініс « Атасы мен немересі »
« Атаңа не жасасаң , алдыңа сол келеді» деген мақалдың тегін айтылмағанын дәлелдеу.
10. Ойын . « Алтын сандық ». Сұрақ – жауап арқылы өтеді.
1. Отбасына кімдер жатады ?
2. Неке деген не ?
3. ҚР Конституциясының 27 –бабында не туралы айтылған ?
4. Әдет ғұрыптарды айт.
10. «Сыңарын тап ! » ойыны.
1. Сыйласаң ....сыйлы боларсың
2. Үлкенді сыйласаң – құрметті боларсың.
11. « Күн шуағын » құрастыру.
Отбасы берекелі болу үшін қандай қасиеттер болу керек ?
Тату, мейірімді, инабатты, бауырмал, қамқор , еңбекқор, сыйластығы мықты.
Әр отбасы күн шуағы сияқты айналасына жылуын шашып тұрса, қоғамымыз да мықты болады.
12. Үй тапсырмасы. Мәтінді оқып, түсініп келу.
13 . Бағалау.
« Әрқашан күн сөнбесін » әнімен аяқтау.
Сабақтың мақсаты : Білімділік : оқушыларға отбасының берекесі , сыйластығы туралы түсініктерін кеңейту ;
Дамытушылық : жағымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін қалыптастыру. Есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік : туыстық қарым – қатынасты сақтау, үзбеу сияқты адам тәрбиелеуде үлгі болатын әдет – ғұрыптарды білгізуге жағдай жасау , имандылыққа , адами қасиеттерді сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : аралас
Әдіс тәсілдері : ойландыру, сұрақ – жауап, түсіндіру, т.б
Пән аралық байланыс : ана тілі , өзін –өзі тану,музыка
Сабақтың көрнекілігі : кестелер , суреттер, сөзжұмбақ, мақал – мәтелдер, т. б.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Қызығушылығын ояту
4. Ой қозғау
5. Жаңа сабақ
6. « Баспалдақ » ойыны
7. Оқулықпен жұмыс
8. « Асар жасау» ойыны
9. Көрініс « Әке мен бала»
10. Ойын « Алтын сандық»
11. « Сыңарын тап ! » ойыны
12. Күн шуағын құрастыру.
13. Үй тапсырмасын беру
14. Бағалау
1 . Ұйымдастыру. Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше , себебі , біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Сабағымызды Ермек Өтетілеуов ағаларыңның « Мен қазақтың баласымын » өлеңімен бастайық.
2. Үй тапсырмасын сұрау . Ойын « Бәйге » 3 қатар жарысады. Қайсысы көп ұпай жинайды.
1. Өлі және тірі табиғатқа не жетеді ?
2. Жабайы және мәдени өсімдік деген не ?
3. Тау жыныстары деген не ?
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 22.89 Kb |
Количество скачиваний: | 18 |