Разработка урока по математике на тему "Іштей және сырттай сызылған бұрыштар"

Предмет: Математика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Іштей және сырттай сызылған төртбұрыштар

Сабақтың мақсаттары: Білімділік мақсаты: Іштей және сырттай сызылған төртбұрыштар туралы түсінік беру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту. Есептеу дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өз бетінше белсене араласуға, ізденуге, тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнерін тәрбиелеу.

Оқыту нәтижелері: Центрлік бұрыш, іштей сызылған бұрыш, іштей және сырттай сызылған төртбұрыштардың қасиеттерін есептер шығаруда пайдалана алады..

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың әдістері: Деңгейлеп саралап оқыту. Түсіндірмелі сұрақ – жауап. Практикалық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,үлестірмелі карта,оқулық, бор, кестелер, формулалар.

Модульдер: СТО, топтық тәсілдер, жас ерекшелігі, диалогты оқыту

Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындығын тексеру.

Ынтымақтастық атмосфера ұйымдастыру.

Үй тапсырмасын тексеру: Іштей және сырттай сызылған үшбұрыштар салу.

Қайталау сұрақтары:

-Үшбұрыштың медианасы деген не?

  • -Үшбұрыштың биіктігі деген не?
  • -Үшбұрыштың биссектрисасы деген не?
  • -Үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлер

Жаңа тақырыпты түсіндіру.Слайд

Анықтама. Егер көпбұрыштың барлық төбелерібір шеңбердің бойында жатса, онда бұл көпбұрышты іштей сызылған көпбұрыш деп атайды.

Егер шеңбер көпбұрыштың барлық қабырғаларын жанайтын болса, онда көпбұрышты сырттай сызылған көпбұрыш деп атайды.

Шеңбердің бір нүктесінен шығатын екі хорданың арасындағы бұрышты шеңберге іштей сызылған бұрыш деп атайды.

ВС доғасын осы бұрышқа тірелген доға деп атайды.. Ал ВОС бұрышы центрлік бұрыш деп атайды.

Іштей сызылған бұрыштың шамасы өзі тірелген доғаның градустық өлшемінің жартысына тең.

Салдар. Диаметрге тірелген іштей сызылған бұрыш 90 градусқа тең.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 536.91 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 144

Похожие материалы